Жұбаныш Жексенұлы
Өмірбаяны:
Жұбаныш Жексенұлы 1974 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Ол 8 сыныпта оқып жүріп, Мәскеу қаласында өткен халықаралық балалар байқауына қатысқан. Кішкене кезінен кішкентай кезінен-ақ музыкаға аса құмар болыпты. Сондай-ақ ол футболды да кәсіби аяқдопшылардай ойнайды екен.
1991 жылы аудан орталығындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, содан кейін Жетісай қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы гуманитарлық, педагогикалық колледжінде оқыған. 1998-2001 жылы сол колледжде музыкалық жетекші, 2001-2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі қызметін атқарды.
2006-2013 жылы Алматыға қоныс аударып, «Қазақ әуендері» АҚ қарасты «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде жұмыс істеді.
2005 жылы продюсер Бағлан Омаровтың жетекшілігімен «Өкінбе сен» әніне клип түсіріп, көп ұзамай әнжинағы жарық көрді.
2002 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл» мерекелік медалімен және 2011 жылы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.
Жұбаныш Жексенұлы «Екі жұлдыз», «Ұлттық шоу», «Қазақтың жүз әні» секілді бағдарламаларды жүргізіп, тележүргізуші ретінде де танылды.
Жұбаныштың өнерін жақсы бағалаймын, бірақ шашы ұзын екен. Театр, телевизор үгіт насихат жүргізетін көрнекі құрал ғой, сондықтан эфирге ұзын шашымен шықпаса екен, жастарға теріс тәрбие береді.