Жаңалықтаржоғары

Өнер жұлдыздарын таң қалдырған бизнесмен туралы не білеміз?

Қазіргі таңда тренинг, мастер класс өткізіп жүрген кәсіпкерлер жетіп артылады.  Аманжол Рысмендиев халықаралық деңгейдегі бизнес-тренер, EST корпорациясының негізін қалаушы. Танымал бизнесмен табысқа толы, кемелдікке жол бастар басты баспалдақтар туралы, кәсіпкерліктің құияларымен бөліседі. Аманжол мырзаның өзгелерден ерекшелігі ол — шетелде білім алып, енді сол білімін отанына келіп бар оқыған, тоқығанын отандастарына көрсетіп, бағыт бағдар беріп жатыр.

Танымал өнер және спорт жұлдыздарының бұл бизнесмен туралы пікірлері қандай? Біліп көрейік.

Қыдырәлі Болманов: Осы уақытқа дейін шоу-бизнес, кәсіпкерлік бизнес, табысқа жету жолдары туралы кітаптарды оқып көрген едім. Дегенмен Аманжол бауырымның кітабының ерекшелігі қазақы менталитке сай жазылғандығы әрі әрбір заңдылық сарапталып, сұрыпталып жазылған. Аманжолдың кітабы арқылын оқып, тоқып сондағы қағидаларды қолданып жүрмін.

Ардақ Назаров: Аманжол бауырым кәсіп жолын дәріптеу, жетіспейтін бизнес түрін дамыту, арнайы жол нұсқап отыр. Сондықтан Аманжол бауырымды қатты сыйлаймын әрі құрметтеймін.

Қайрат Құдайберген: Аманжол — жас кәсіпкерлерге, кәсіппен айналысып жүрген бауырларымызға жол сілтеуші бағдаршам болып жүр. Мен Аманжол бауырыма тек қана сәттілік тілеймін.

Егерде Аманжол Рысмендиевтің кітабын оқып, бизнеспен айналысқыңыз келсе танымал кәсіпкердің кітаптарын «Meloman» дүкендерінен ала аласыздар.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close