Жаңалықтаржоғары

Жазира Байырбекова әпкесімен бірге бейнебаян түсірді

Жазира Байырбекова халыққа жұбы, әрі өмірлік жары Жанболатпен дуэт ретінде танылды. Кейіннен нәзік үнді әнші жеке өзі ән айта бастады. Жазираның «Ақботасымен» ұзатылған қыздар қаншама. Қазір Жазира үш бағыттағы әншіге айналды. Біріншісі, Жанболатпен отбасылық дуэт,екіншісі, қыздардың бағын ашқан әнімен болса, енді жаңа дуэт. Байырбекова бүгінде туған әпкесімен бірге сахнаға шығып жүр.

Жазираның әпкесі Ләззат Байырбекова да әнші. Бір кездері Байырбековалардың үлкені өнерге қадам басып, қазақ эстрадасына сіңісіп кетуге тырысқан. Алайда көп ұзамастан әншілікті тастап, басқа салаға кеткен.

“Осыған дейін Лаззат “Қамарсұлу” болып саxнаға шығып жүрді. Мұндай саxналық есімді қойған еліміздегі талантты продюсер Жан Мұқанов болатын.Бір жағдайларға байланысты Лаззат продюсермен жұмыс істемейтін болды. Лаззатқа продюсерлік етіп жүргенде қамқор болып,Лаззаттың өнерінің шыңдалуына үлесін қосқан Жан Мұқанов досымызға алғыс айтамын! Қазір Лаззат Алматыда. Өз шығармашылығын одан әрі шыңдауға кірісті.
Жақында Жанболаттың рұқсатымен Лаззат, Жазира Байырбековалар болып бейнебаян түсірдік. Бірақ бұл ылғи дуэт боламыз деген сөз емес. Ары қарай Лаззат Байырбекова жеке әншілігін жалғастыра береді. Бауырыма үлкен өнер жолында табандылық пен сәттілік тілеймін! Аллам жар болсын!” – дейді Жазира.

Жуырда апалы-сіңлілі Байырбековалар “Қазақ қызы” атты әнге бейнебаян түсірген. Оны жақын арада тамашалайтын боламыздеп хабарлайды Stan.kz.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close