Неслихан Атагүл: «Фахрие Эвдженнің қалыңдық көйлегі…»
— Неслихан қазір елдердің бәрі демалыста, ал сіз мұнда жұмыстасыз. Неліктен?!
— Иә, дұрыс айтасыз бәрі демалыста. (күліп) ештеңесі жоқ. Бір апта алдын демалып келдім. Жұмыс барысымен қазір осындамын. Біткен соң қайтадан демалысымды жалғастыратын боламын.
— Өз бойыңыздағы өзіңіз қатты қызығатын не нәрсе?!
— (күліп) Шаштарым.
— Шашыңыз сіз үшін қаншалықты маңызды?!
— Көріп тұрғаныңыздай мен үшін шаштарым өте-өте маңызды.
— Осындай тамаша шашыңызға қандай күтім жасайсыз?! Ол үшін не істеу керек?!
— Негізінен дұрыс тамақтану керек. Дұрыс ұйықтау керек. Су көп ішу керек. Өзімізге жақсы қарауымыз керек. Сонда шаштарымыз әсемдене түседі.
— Кадир мырзамен демалысқа шықтыңыз. Қайда болыңыздар? Бірге саяхатқа шыққан қаншалықты ұнайды?!
— Иә, Стамбул жақта болдық. Қазірше сол аралықта демалдық.
— Тағы да басқа жаққа демалысқа кету жоспарда бар ма?!. Қайда баруды жоспарлап отырсыздар?!
— Иә, әрине бар. Бірақ қайда екенін айтпаймыын.
— Ел ішінде боласыздарма? Әлде шет елде ме? Осыны ғана айтыңызшы?!
— Шет елге кетеміз (күліп) және керуенмен шыққалы жатырмыз.
— Ооо тамаша, неге керуенмен?!
— Себебі бізге өте ыңғайлы және қатты ұнайды. Қалаған жерге қонақтап, қалаған жерге тоқтаймыз. Кез келген уақытта тамақтанып, өз еркімізбен жүру үшін.
— Тамақтану жақсы ғой, бірақ оны жасауда бар емес пе?! Тамақ жасағанды ұнатасыз ба?!
— Иә, ұнатамын, әрине.
— Өз қолдарыңызбен Кадир мырзаға ас жасап бересіз бе?!
— Иә, жасап беремін және Кадирде оны жақсы көреді.Сүйсініп жейді.
— Сәби сүю жоспарда бар ма?!
— Сәби сүю — әрине үлкен бақыт. Дегенмен қазір ондай жоспарымыз жоқ.
— Енді бір жыл бұрынғы уақытқа шегінейік. Сіздің бір жыл бұрын тойыңызда киген қалыңдық көйлегіңізді биыл тағы да бір сұлудың үстінен көрдік
(Күлді…)
— Иә, кинодағы махаббатыңыз, әрі әріптесіңіздің өмірдегі жары Фахрие Эвдженнің сіздің көйлегіңізден аумайтын қалыңдық көйлегін тіктіріп киді. Бүкіл жұрт осы жайлы сөз қозғауда. Сіздің бұған ойыңыз қалай?!
— Мен шынымды айтсам, бұл туралы ештеңе айтқым келмейді !!!
— Кадир мырзамен араңызда келіспей қалатын сәттер болады ма? Және қай кезде?!
— Иәә, әрине ондай барлық отбасында болады. Болуы да заңдылық. Бірақ біз үшін ең маңыздысы реніш емес, арамыздағы сыйластық және махаббат.
— Неслихан, бүгінгі сұхбатыңыз үшін үлкен рақмет. Сау болыңыз!
— Сізге де үлкен рақмет!
«Magazin» журналына берген сұхбатынан.(07.07.2017)
Қазақ тіліне аударған Гүлнұр Серікбай
Негізі дым да ұқсамайды ғой. Ұзындығы мен реңә ғана келіңкірейді. Неслиxан да сөйлей беред екен. Фаxрие — ең Әдемі қалыңдық. Сондай сұлу
Койлекте турган не бар.Ен бастысы, бакытты болу
Иа ен бастысы бахыт емеспе бир бирине саи жуптаргои бахытты болындар