ЖаңалықтаржоғарыСпорт
Қызылордалық Еламан Ерғалиев «Қазақстан барысы-2017» атанды!
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының президентінің жүлдесі үшін Республикалық турнир өтті. Палуандар арасындағы сайыста 22 жастағы Қызылордалық Еламан Ерғалиев «Қазақстан барысы-2017» атанды.
Финалдық жекпе-жекте Ұлан Рысқұловпен шыққан 22 жастағы палуан таза жеңіспен турнирді аяқтады. «Қазақстан барысы-2017» сайысында екінші орынды Алматы облысының атынан шыққан Ұлан Рысқұлов алса, ал үшінші орын шығысқазақстандық Айбек Нұғымаровқа бұйырды.
«Қазақстан барысы-2017» палуанына 25 000 000 теңге берілсе, ал оның бапкеріне 3 500 000 теңге берілді. Екінші орын алған Ұланға 5 500 000 теңге берілді, үшінші орын алған Айбекке 1 800 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
Сәттілік!