Жаңалықтаржоғары
Бритни Спирс Астанаға келеді
Әлемге әйгілі әнші Бритни Спирс «Expo-2017» көрмесіне орай Астана қаласына келеді, бұл туралы Жұлдыздар әлемі хабарлайды.
Әйгілі әншінің жеке концерті 22-ші маусым күні «Астана Аренада» өтеді. Сонымен қатар 17-ші маусым күні әлемге әйгілі Крис Браун да Астана қаласында өзінің жеке концертін бермек. Ресейлік әншілер Тимати, Егор Крид, Полина Гагарина, «Би-2» және «Мумий троль» топтары да Экспо қарсаңында жеке концерттерін беретін болады.