ЖаңалықтарӘнші

Витас: Сотқа барған жоқпын, бармаймын да

Әнші Витас Димаш Құдайбергеновке «Опера-2» әнін тыйым салу туралы пікірін білдірді. Танымал әнші сотқа жүгінбегенін әрі жүгінбейтінін де айтты.

Әнші Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан «I am singer» байқауында әнші Витастың «Опера-2» атты әнін орындап, екінші кезеңде де жеңіске жеткен болатын. Алайда Витастың продюсері Димаштың үстінен шағым түсірген болатын.

Витас өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында ресми мәлімдеме жасады:

«Құрметті достар! Ресми мәлімдеме жасағым келеді.

Соңғы төрт күннің ішінде әлеуметтік желіде маған қатысты жағымсыз пікірлер көбейіп кетті. Мен кез-келген өнер саласына, шығармашылық адамға құрметпен қараймын. Әнім үшін сотқа шағымданып, оған талдау жасап әрі әншінің өміріне аралысып көрген емеспін, олай жасамаймын да.

Заң жүзінде атқарылып жатқан істерге келісемін, әртістің айналысында айқай-шу шығатын мәселелер көп болады. Бірақ жеке адамды қорлап, оны жерден алып, жерден салуға болмайды. Барлықтарыңызға тынышталып, маған лүпіл басуларыңызды сұраймын» — дейді әнші Витас.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close