Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

Жерар Депардье: Қазақстанда шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік мол

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әйгілі француз актеры Жерар Депардьемен кездесті. Ведомство басшысы және 200-ден аса кинофильмдер кейіпкерінің кездесуі достық әңгіме ретінде өтті, деп хабарлайды ҚР МСМ Баспасөз қызметі. 

Әйгілі актерды қарсы ала отырып, Арыстанбек Мұхамедиұлы Ж.Депардьенің қатысуымен түсірілген фильмдер барша қазақстандықтарға танымал, ал отандық «Күзгі махаббат» және «Дала дауысы» киноленталары шетелде де кеңінен көрсетілгендігін айтып өтті.

«Барлығымыз да сіздің Наталья Орынбасаровамен бірге түскен «Күзгі махаббат» киносын жақсы білеміз. Бұл өте мейірімді фильм ауыл болмысы туралы баяндайды. Одан басқа бірлесіп іске асырған өзге шығармашылық жобаларымыз бар, — деді министр.

– Жерар Депардьенің мәдениет пен өнерді дамытуға ұмтылысы оның шығармашылығына тәнті барлық адамдарды қуантады. Қазақстан-француз шығармашылық ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып,жалғасын табатындығына сенімдімін».
Сонымен қатар ол болашаққа деген шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Француз актеры алдағы уақытта Қазақстанда опера қоюға ниетін білдірді.

«Мен операда бірнеше рет ойнап, оны қоюға қатысқан едім. Қазақстанда адамдар классикалық музыканы сүйіп тыңдайды, бұл жерде дарынды опера әншілері де өте көп. Қазақстанда шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік мол», — деп бөлісті ол.

Дереккөз: baq.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close