Өнер және спорт жұлдыздары депутат атанды
Жұлдыздар әлемінде тағы да қуанышқа толы жаңалық. Наурыздың 20-сы күні өткен парламент мәжілісінің сайлауында «НұрОтан» партиясы ұсынған кандидаттар Б.Тілеухан, О.Шишигина және т.б өнер мен спорт жұлдыздары депутат мандатына ие болды.
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен партия Саяси Кеңесі Бюросының отырысында мәлім болды. Онда ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттық мандатты бөлу реті анықталып, мандаттар үлестірілген болатын.
Шараға «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, партия Орталық аппаратының басшылығы қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82,2% дауысын жинап, Мәжілістегі 84 орынға ие болды.