Басты жаңалықтар

Қоянбаев не себепті сұхбаттарын жиілетті?

Атақты шоумен, киногер, “Мстители” фильмінің продюсерлерінің “Қазақстандағы Таносы” Нұрлан Қоянбаев бір ай көлемінде сұхбаттарын жиілетті.

30 сәуір
2 мамыр
15 мамыр
18 мамыр

Не деген жиілік? Қоянбаевтың өмірінде қандай өзгеріс болды? Оның бөлісер қандай жаңалығы болып жүр? Жалпы, 4 сұхбат бір-бірін қайталап, пиар құралы ретіндегі рөлін жойып жіберген жоқ па?

Көрермен я подкаст ретінде қабылдаған тыңдарман осы төрт сұхбаттың арқасында Нұрлан Қоянбаевтың өмірлік хронологиясының бірқатар құнды мәлімет ала алады. Жік-жікке бөлсек:

1) Қой бағып жүргендегі балалық атлетика
2) 1998 жылғы Сочидегі сұрапыл жеңіліс
3) КВН чемпиондығы
4) Масляков ұсынысымен “Үздік әзілкеш” болып наградталуы
5) 2016 жылғы “Түнгі студияның телевизиялық жеңісі” — бағдарлама Елбасы қатысқан тұңғыш ойын-сауық телехабар болады
6) Кинодағы алғашқы 300 миллион
7) Кинокассадағы алғашқы 500 миллион
8) Киножанрдағы тұңғыш 770 миллион
9) Қазақ киносындағы қазақ кәсіпкерлігі туралы фильм жинаған тұңғыш 1 миллиард 170 миллион

Қоянбаевтың түрлі интервьюерлерге сұхбатқа келісім “беріп қоя беруінің” түбінде қандай стратегия жатуы мүмкін? Адамгершілікпен бағамдасақ, Қуаныш Шонбаймен сұхбат Дубай сапарында шешілген кәсіпкерлік ымыра болды дейік, Нұрмаханмен жүздесу шәкіртке деген мерейлілікке сайып келеді, Тимур Балымбетовтегі сиквел мотивациясы белгісіз, ал Нартай Аралбайұлына аудиенция — ұлттық мүддеге сай қызмет ететін журналист арқылы салиқалы әңгімеге тартылу деп топшаласақ болады. Мұнымен Қоянбаев не ұтты? Маркетингше шүлдірлесек, аудиториясын диверсификациялады ма? Бірінде білім қуғандар, екіншісінде әзіл қуғандар, үшіншісінде “таз қуғандар”, соңғысында фейсбукта “фраза қуғандар” болғаны сөзсіз.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close