10 дерекБасты жаңалықтарЖаңалықтарСұхбаттарЭксклюзив

Аян Гүлназбен жүргенін мойындады

Актер Аян Өтепберген Гүлназ Жолановамен жүргенін мойындап, аруға "Дежавю" әнін арнап жазғанын жеткізді ShowNews.Kz-ке берген сұхбатында, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Салтанат Аякен: Баршаңызға сәлем. Бүгінгі менің қонағым өзі актер, өзі әнші, өзі әніне сөз жазатын жігіт. Бір сөзбен айтқанда, «красавчик» жігіт. Аян, сәлем! Қалың қалай?
Аян Өтепберген: Күшті! Жүрміз.
Салтанат: Қайда жүрсің? Не істеп жүрсің?
Аян Өтепберген: Алматыда жүрмін. Көбінесе уақытымның бәрі тауда өтеді қазір. Білмеймін, осы карантинде табиғат мені өзіне шақыра бастады. (күліп)
Салтанат Аякен: Табиғатта жүрдің бе?
Аян Өтепберген: Сондай бір кезең болады ғой әрбір адамда.
Салтанат Аякен: Депрессияға жатады ма?
Аян Өтепберген: Депрессияға жатпайды. Жас келеді, сосын көп нәрсенің оң-солын тани бастайсың. Жас келді дегенде, қатты кәрі емеспін. Жиырма сегізге келдім. Тек бұрынғы бала Аяннан гөрі кішкене ойланған сияқтымын. Оң-солымды тани бастадым деген сияқты ғой.
Салтанат Аякен: Инстаграмға жазыпсың, «Айтарлықтай жаңалық жоқ. Бірақ өзгеріс көп» деп. Қандай өзгеріс?
Аян Өтепберген: Осы айтқаным ғой. Бұл мен үшін үлкен өзгеріс. Негізі, адамның ішінде көп қырлары бар.
Салтанат Аякен: Демек, карантин оңынан әсер етті ғой?
Аян Өтепберген: Иә, оңынан да, солынан да бар, артынан да, үстінен де, астынан да. (күліп) Енді мынандай нәрсе болды. Шынымды айтсам, карантинде мен қатты жатқан жоқпын. Өйткені карантин басталған кезде достарым хабарласып «кеттік волонтер боласын карантинде» деді. Содан кейін волонтер болдым. Мұны мен мақтанып айтып отырған жоқпын, ол «нормальный» нәрсе. Сол кезде көптеген жағдайы төмен отбасыларды көрдік, олардың жағдайымен таныстық. Содан кейін әсер еткен шығар маған.
Салтанат Аякен: Маған ең қызық болып тұрғаны, сенің болашақ жарыңа жазған үндеуің бе, әлде жолдауың дейін бе, білмеймін. «Мен сияқты түсініксіз адамға қалай ғана осындай кереметті жолықтырды деп ойлаймын» депсің. Өзің айтпақшы, сенің сүйікті әуенің қайда?
Аян Өтепберген: Қайда жүр екен? Соны көмектесіп жіберіңдерші. Осы видеоны көрсе, бәлкім тауып қалатын шығар. Енді кез келген адамның ойында болады ғой ондай нәрсе. Оның үстіне кішкене шығармашылыққа жақын, сәл қияли болғаннан кейін кейбір кезде түнде оянып кетесің де, жазып отырасың. Хатты кімге жазып жатсың, неге жазып жатсың белігісз. Енді оның бәрі ой ғой. Түс көріп, оянып кеттім.
Салтанат Аякен: Ол қызды түсіңде көрдің бе?
Аян Өтепберген: Иә.
Салтанат Аякен: Әңгіме қызық болып жатыр. (күліп)
Аян Өтепберген: Түс көріп, оянып кеттім де, «Так, так, так. Тоқта!» деп бірден қалам алып, жазып-жазып жібердім.
Салтанат Аякен: Бір сұхбатыңда «Жиырма сегіз жасымда үйленсем деп армандаймын» депсің. Қазір жиырма сегізге келдің. Оны сен жиырма жеті жасыңда армандадың. Бір жыл өткізіп алдың. Не болып жатыр, жалпы?
Аян Өтепбереген: Өткізіп алдым дегенде, мынадай нәрсе ғой. «Мы только предпологаем» дейді ғой. Ол арман тек қана. Бұйырғаны ғой.
Салтанат Аякен: Қыз бар ма?
Аян Өтепберген: Көп қой. (күліп) Қызым жоқ қазір. Міне қызым. (гитараны көрсетіп)
Салтанат Аякен: Мен бір нәрсе сұрайын. Дос ретінде. Бірақ сен оған ренжіме, иә? Негізі, сені Гүлназ Жолановамен жүреді деген көп қауесеттер естідім, көрдім. Шыныңды айтшы, сондай болды ма?
Аян Өтепберген: Ондай нәрсе болды. Араластық, кездестік.
Салтанат Аякен: Үйленуге дейін болмады?
Аян Өтепберген: Жоқ, әйтпесе қазір бірге отыратын едік қой.
Салтанат Аякен: 42500 теңге алдың ба?
Аян Өтепберген: 42500-ді алдым. Біріншісін алдым, екіншісіне барған жоқпын. Өйткені бізге 42500-ді алғаннан кейін ғана «Сендердің айлықтарын орнында қалады» деп айтты. Содан кейін үшіншісін де, кейінгісін де алған жоқпын.
Салтанат Аякен: Ән жазып, соған сөз жазып жүрсің. «Шекпеші» деген ән қалай туды?
Аян Өтепберген: «Шекпеші темекі» ғой, негізі.
Салтанат Аякен: Темекі шегетін қызбен кездесіп жүрсің бе? (күліп)
Аян Өтепберген: Мынадай картина болды. Көлікпен келе жатып, таксидің артында бір керемет күшті ән тыңдап отырғанмын. Екі қыз отырды. Аппақ көйлек киіп алған әп-әдемі, алыстан көрген кезде иісі мұрныңа келетін сұлу қыздар болады ғой. Сөйтіп қарап отырдым да, бір кезде жанындағы қыз сөмкесінен темекі шығарып шегеді. Мен айтпаймын, «қыздарға темекі шекпеу керек! Үйту керек, бүйту керек» деп. Әркімнің өзінің өмірі ғой. Бірақ сол картинаға ана қыздың темекі шеккені жараспай тұрды. Сол ойымда қалып кетті. Кейін үйге барған кезде осындай ән шығардым. Солай шығып кеткен ән бұл.
Салтанат Аякен: Сені негізі Аян Өтепберген қылған бір кино. Ол – «Жаужүрек мың бала». Содан кейін сені көп кездестірмейтін болдық кинодан, негізі. Бірақ түсіп жатқаныңды әлеуметтік желіден көремін. Бірақ сол кино сияқты таралатындай болып жатқан жоқ.
Аян Өтепберген: Иә, негізі ол өте орынды сұрақ. Одан кейін соңғы түскен фильм «Томирис».
Салтанат Аякен: Иә, «Томириске» түстің. Бірақ дұрыс емес пе, білмеймін. Мен көрдім. Бірақ сені «Мың бала» сияқты аша алмаған сияқты ма?
Аян Өтепберген: Ол жерде мені ашатындай мен басты кейіпкер емеспін. Актер ретінде өзімнің үлкен нүктемді қойған жоқпын. «Жаужүрек мың бала» алғашқы бала кездегі туынды. Ол кезде 17-18 жастағы баламыз. Сол кездегі қабілетіме қойылған актерлік деп ойлаймын. Қазір қарап ойлайсың «Не істеп жүрсің?» деп. «Қазір ойнасам ғой, шіркін» деген сияқты. Бірақ былай қарасаң, мен көп түсіп жатырмын, негізі.
Салтанат Аякен: Иә, инстаграмға қарасаң, түсіп жатырсың. Күшті жұмыстар жасап жатырсың.
Аян Өтепберген: Мүмкін коммерциялық нәрселерге көп түспегендіктен шығар танымайтыны
Салтанат Аякен: Саған жиі батырдың рөлін береді. Басқа образдарды сұрайсың ба? Әлде режиссерлардың көзімен сен тек батыр болып қалыптасып кеткен шығарсың?
Аян Өтепберген: Мүмкін. Енді бұл жерде кінәні оларға да жаба беруге болмайтын шығар. Мен ойлаймын, әлі сәті келеді ондайдын.
Салтанат Аякен: Сен батырдан басқа қандай рөлдерді көресің өзіңе? Айта кетші, осы жерде. Мүмкін бір режиссер көріп «Аян, осыны ойнап берші» дейтін шығар.
Аян Өтепберген: «Мен ананы-мынаны ойнағым келеді» деп айтатын уақыттан өттік. Өзіңнің ойындағы, өзің ойнағың келген нәрсені өзің іске асырған дұрыс одан да. Мен қазір соған қатысты жұмыс істеп бастадым.
Салтанат Аякен: Режиссер ретінде ме?
Аян Өтепберген: Мүмкін режиссер ретінде. Мүмкін сомдаушы ретінде.
Салтанат Аякен: Аян, айтшы, гив ойнату не болмаса вайн түсіру дегендерге сенің көзқарасың қандай?
Аян Өтепберген: Былай қарасаң, менің вайнер, блогер достарым бар. Олар кәдімгідей отырады, дайындалады, жазады. Оны барып түсіреді. Ананы сатып алады, мынаны іздейді. Олардікі де еңбек. Сондықтан оларды жамандауға болмайды.
Салтанат Аякен: Жоқ, жаман емес. Өзің?
Аян Өтепберген: Мен жасамаймын деп айтпаймын. Мүмкін мен ролик түсіремін. Менде инстаграмда кішігірім роликтер бар. Вайн емес бірақ ол.
Салтанат Аякен: Сенің әр әніңнің бір персонажы бар ма?
Аян Өтепберген: Иә, онсыз болмайды ғой.
Салтанат Аякен: Мына ән кімге арналған?
Аян Өтепберген: Бұл бір қызға арналған.
Салтанат Аякен: Гүлназ Жолановаға ма?
Аян Өтепберген: Гүлназ Жолановаға емес. Оған басқа ән айтқанмын мен. «Дежавю» деген ән бар ол соған арналған.
Салтанат Аякен: Сен сезімнің депрессиясында болдың ба?
Аян Өтепберген: Ол қайта күшті емес пе?! Біреуге ғашық болу деген күшті ғой қайта. Ойлашы, сенің күнделікті мотивацияңа тағы бір стимул қосылады.
Салтанат Аякен: Аян, айтшы, сені актер, болмаса әнші дейміз бе қазір?
Аян Өтепберген: Жоқ, болмаса әнші емес. Мені, негізі, тек қана актер деп айту керек. Өйткені мен диплом бойынша музыкалық драма театр әртісімін.
Салтанат Аякен: Аян, он сұрақ қоямын. Жалғастырасың. «Аян ең…»?
Аян Өтепберген: Ең сұлу. (күліп)
Салтанат Аякен: 42500 алдың ба?
Аян Өтепберген: Жоқ.
Салтанат Аякен: Ең сүйікті қазақ актері?
Аян Өтепберген: Бесеуін айтайын. Берік Айтжанов, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Исан Мажит, Ержан Жарылқасын.
Салтанат Аякен: Кино әлде театр?
Аян Өтепберген: Елу де елу.
Салтанат Аякен: Мамаң сені қалай еркелетеді?
Аян Өтепберген: «Балапан».
Салтанат Аякен: Өзің темекі шегесің бе?
Аян Өтепберген: Жоқ.
Салтанат Аякен: Ішесің бе?
Аян Өтепберген: Жоқ, қымыз.
Салтанат Аякен: Көп қыдырасың ба?
Аян Өтепберген: Иә.
Салтанат аякен: Мінезің қиын ба?
Аян Өтепберген: Жоқ.
Салтанат Аякен: Ең алғашқы махаббатыңның аты?
Аян Өтепберген: Динара дейтін қыз бірінші сыныпта.
Салтанат Аякен: Көп қыздармен жүресің бе?
Аян Өтепбергнен: Жоқ.
Салтанат Аякен: Көп ғашық боласың ба?
Аян Өтепберген: Иә.
Салтанат Аякен: Үнемі өзіңмен алып жүретін зат?
Аян Өтепберген: Гитара.
Салтанат Аякен: Инстаграмнан сезімін білдіретін аруларға жауап берші дәл қазір.
Аян Өтепберген: Инстаграмда сезімін білдіретіндер көп. Менде телеграмда чат бар. Сол жақта сөйлесеміз ол қыздармен. Ол жақта көп адам ғой. Айтарым, олар тек менің образыма ғашық қой. Мінезімді білмейді.
Салтанат Аякен: Осымен он сұрақ айдары аяқталды. Аян, уақытыңды бөліп келгенің үшін көп рақмет. Үйлен енді! Тойға барайық.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close