InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Шоқан Уәлихан: Бейнебаянымды өзім де түсінбедім

Шоқан Уәлихан «Жүрегімді емдеші» әніне түсірген бейнебаяны көңілінен шықпағанын айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Салтанат Аякен: Құрметті көрермен, менің қасымдағы жігіттерді таныған боларсыздар. Шоқан Уалихан, Айдын, Айбек. Жігіттер, қалдарың қалай?

Жігіттер: Жақсы.

Салтанат Аякен: Карантин қалай болды? Қалай әсер етіп жатыр карантин?

Шоқан Уалихан: Карантинде ел қатарлы өмір сүріп жатырмыз ғой. Айтарлықтай ештеңе болып жатқан жоқ. Мен карантинде Ақтөбеде қалып қойдым. Жақында келдім Алматыға. Екі ай жаттым сонда.

Салтанат Аякен: Масқара. (күліп) Ән шығардын ба «хотя бы»?

Шоқан Уалихан: «Хотя бы» ән шығарған жоқпын.

Салтанат Аякен: Бір өзің Ақтөбеде?

Шоқан Уалихан: Бір өзім. Квартира снимать етіп, в общем далада қалып қоя жаздадым ғой. Танымайтын қала, бөтен қала. Не істейсің? Жаттық қой.

Салтанат Аякен: Жігіттер, не істедіңдер?

Айдын: Карантинде қатты қиналмадық, шүкір. Үйде болдым, ата-анамның қасында. Ауыл жаққа бардық. Мен карантинде «рыбалканың» не екенін білдім.

Салтанат Аякен: Бұған дейін «рыбалкаға» барып көрген емессің?

Айдын: Барып көрмедім. Атқа міндік.

Салтанат Аякен: Атқа мініп көргенсің бе өзі?

Айдын: Көрдік қой, иә.Кішкентай кезімізден атқа міндік.

Салтанат Аякен: Айбек, сен не істедің?

Айбек: Бірге болдық, бірге болдық. (күліп)

Салтанат Аякен: Шоқан, өзіңе бір сұрақ қоя кетейінші. «Жүрегімді емдеші» деген ән былтыр ғана шықты, иә. Сол «Жүрегімді емдеші» әнінің клипын мен өзім көріп шықтым. Қателеспесем, сол жердегі төрт «просмотр» менікі. Бірақ мен түсінген жоқпын.

Шоқан Уалихан: Негізі, шынымды айтайын ба? Мен де түсінген жоқпын. (күліп) Режиссерді жамандамаймын мен. Ол өзі бір нәрсе айтқысы келді. Бірақ айтып түсіндіре алмады, бейнелей алмады. Мен де, негізі, алаңдадым. Мына сценарийді түсіру қиын деп. Әр адамға түсіндіріп отырмайсын ғой «Короче, мынау мен ғой» деп тоқтатқызып қойып. Салтанат Аякен: Кім режиссер?

Шоқан Уалихан: Олжас Ибраев қой. Негізі, жақсы оның жұмыстары.

Салтанат Аякен: Сценарийді ақылдасатын кезде «Қандай картина көріп тұрсың?» деп сұрайсың ғой. Сол кезде түсіндірген шығар. Сол уақытта да түсінген жоқсың ба?

Шоқан Уалихан: Түсіндірді. Ол кезде күшті түсіндірді. Енді мен қазір былай айтатын болдым адамдарға. Өйткені «мен де түсінбедім» деп айту ұят. «Сондай бір түсініксіз қыз болды менің өмірімде. Түсінбей солай екі жаққа кетіп қалдық. Соны түсірдік ештеңе түсініксіз болып» деп айтамын. (күліп)

Салтанат Аякен: Шоқан, сенің «Хабиби» атты әнің Қырғызстанда аса танымалдылыққа ие болған. Инстаграмда жазыпсың «Араш ағамыздан сәл оза алмай қалыппыз» деп. Демек,  радиочарттарда жиі жіберіледі деген сөз, иә?

Шоқан Уалихан: Қырғызстанда, иә. Ол жерде өзімді Арашпен салыстырғаным емес. Олар өздері мені Араштың деңгейімен қойып, «екінші орында Шоқан Уалихан» дегенге мен өзім де қызық көріп, «Араштан сәл қалып қойыппыз» деп жаздым инстаграмға. Бізге қарағанда сол жақта жақсы кетіп жатқанын көріп отырмын. Ал негізі, мен Қырғызстанда керемет танымалмын деп айта алмаймын.

Салтанат Аякен: Шоқан, осы уақытқа дейін қанша әнің бар және қанша әніңді өзің орындап жүрсің?

Шоқан Уалихан: Мен жеке орындаған әндер санаулы ғой. Онға жетпейтін шығар. Авторскийға тіркелген, осы уақытқа дейін жазған, басқа әншілерге берген 60-70 ән тіркеліп тұр.

Салтанат Аякен: Танымал әншімен дуэт жазу ойда болды ма?

Шоқан Уалихан: Ойда болған жоқ.

Салтанат Аякен: Ешкімге ұсыныс тастаған жоқсың?

Шоқан Уалихан: Жоқ.

Салтанат Аякен: «Эстрадада мына әншімен дуэт орындасам» деген әнші бар ма?

Шоқан Уалихан: Бұрын ондай ой болған. Сосын ол тақырыпқа жақындаған сайын керек емес екенін түсіндім. Жай өзім айта берейін деген шешімге келдім.

Салтанат Аякен: Енді Шоқан ешкіммен дуэт орындамайды? Көрмейміз?

Шоқан Уалихан: Иә, әзірге.

Салтанат Аякен: Өзіңді қаншалықты сұранысқа иемін деп ойлайсың? Шақырып, гонорар төлеп, тойға шақыра ма?

Шоқан Уалихан: Мен тойдың әншісі емеспін. «Мына жақта тойдамын, Ақтауданмын, Шымкенттемін бүгін» деген жоқ. Бірақ, шүкір, өзімнің жасымдағы, өз буыным көп шақырады.

Салтанат Аякен: Құрметті көрермен, «Неге осы үш жігіттен бірдей сұхбаталып отыр?» деп ойлайтын шығарсыздар. Себебі, бұл жігіттердің продюсері біреу. «Қазіргі уақытта немен айналысуда? Карантинде не істеді?» деген сияқты сұрақтарға жауап беруде.

Енді сұрақты мен Айдынға қойғым келеді. Айдын, «BN» тобында өлең айттың, топта ән айттың. Мүмкін саған жауыр болған сұрақ шығар «BN неге тарап кетті?» деген. Бірақ тарап кетті. Одан кейін «АLAR» болды. «АLAR» тарап кетті. Неге? Сенің кесіріңнен сияқты сол. (күліп)

Айдын: Балалардың «желаниесі» болмаса, ешкім ешкімді қинамайды. Әркім өз жолымен жүре береді.

Салтанат Аякен: Демек, ол жерде Ақниет пен Әлішердің «желаниесі» болған жоқ. Сол себепті топ тарап кетті, иә? Бірақ топ өте жақсы келе жатқан.

Айдын: Иә.

Салтанат Аякен: Сұранысқа ие болып, тойға шықтындар ма?

Айдын: Бізде «тойға шықпаймыз» деген принцип болған жоқ. Гонорар берсе, кез келген  жерге бара беретінбіз.

Салтанат Аякен: Айдын, жасың нешеде?

Айдын: Жиырма екіде.

Салтанат Аякен: Қашан үйленесің?

Айдын: Ерте әлі.

Салтанат Аякен: Қыз бар ма?

Айдын: «Қыз бар» десең, иә?! (күліп) Жоқ-жоқ.

Салтанат Аякен: Сені Зирузамен жүреді деп естідім. Сол рас па?

Айдын: Өтірік.

Салтанат Аякен: Жүрген де жоқсың? Ұнатқан да жоқсың?

Айдын: Жоқ.

Салтанат Аякен: Негізі, «BN» тобы Болат Назарбаевтың группасы деп естідім. Рас па? Атын өздерініз қойдыңыздар ма?

Айдын: Оны халық солай қабылдап қалды. Негізі, ол өзіміздің топ. Ол кісінің ешқандай қатысы жоқ.

Салтанат Аякен: Айдын, енді қазіргі таңда жеке ән айтып жүрсің. Қалай жалпы творчество? Өзің жеке шыққан күшті ме екен?

Айдын: Басында ыңғайсыз болды. Бірақ «сольно» шығу мүлдем басқаша сезім.

Салтанат Аякен: Айдын, Шоқанмен дуэт жаздың. «АLAR» тобы болған кезде және «BN» болған кезде көптеген дуэттер болды. Райым және Артурмен, Нұржанмен жаздың. Тағы дуэт айту ойда бар ма? Кіммен дуэт айтпақшысың?

Айдын: Жалпы, ешкіммен дуэт жазу ойда жоқ. Өйткені біреумен дуэт жазсам ғой деген арманым жоқ. Дуэт жазу үшін екі адамның «желаниесі» болу керек. Екі адам бірге отырып трек шығарып жіберсе оңай ғой. Біреуге «давай, брат, бірге жазайық» деп жазса, «через не хочу» болады.

Салтанат Аякен: Нұржанмен ше?

Айдын: Нұржан ағамен міндетті түрде.

Салтанат Аякен: Творчествоға, шоу-бизнеске келгеніңе қанша уақыт болды?

Айдын: Үш-төрт жыл.

Салтанат Аякен: Нені ұқтың? «Мынау маған керек емес» деген қандай нәрселерің болды?

Айдын: Өтірік күлудің керегі жоқ екен.

Салтанат Аякен: Бесеуін айтып берші.

Айдын: Бесеуі де өтірік күлу. Бәрі өтірік күледі. Менің өнерде досым жоқ деп айта аламын.

Салтанат Аякен: Шоқан ше?

Айдын: Жоқ, Шоқан менің өнердегі досым емес. Ол – менің өмірдегі ағам.

Салтанат Аякен: Айбек, инстаграм желісінде видеолары қатты тараған жігіттердің қатарында. Инста-жұлдыз! Солай айтсам бола ма? Қалай басталды?

Айбек: Инстаграмнан басталды ғой бәрі. Менің гитара тартып жатқанымды ағаларым түсіріп алады. Ол кезде менде ешқандай ой жоқ қой. Инстаграмның енді шығып жатқан кезі ғой.

Салтанат Аякен: Ол кез деген қай кез?

Айбек: Кішкентай кезім ғой.  (күліп)

Салтанат Аякен: Сен ол кезде қанша жастасың?

Айбек: Біраз жаста (күліп) Он алтыдамын ғой. Он жасымда гитара үйреніп жүргенмін. Сосын менің ән айтып отырғанымды түсіріп алып. инстаграмға салып жібереді. Сол кезде сол видео инстаграмда таралып кетеді ғой. Түрлі «пабликтерге» салынады, оқырмандар көбейеді. Сосын «онда инстаграмға видео салып отырайық» дедік.

Салтанат Аякен: Сол кезде инстаграм аштың?

Айбек: Иә.

Салтанат Аякен: Өзің жүргіздің бе?

Айбек: Жоқ, әпкем жүргізді.

Салтанат Аякен: Инстаграм брйынша ең көп қаралым жинаған қандай әнің? Қандай әнді орындадың?

Айбек: «Нағашылар» деген ән.

Салтанат Аякен: Кімнің әні бұл? Кім орындайды негізі?

Айбек: Мен орындаймын.

Салтанат Аякен: Сен шығардың ба? Композиторы кім? Сөзі кімдікі?

Айбек: Қызылордада Нұржан деген ағам бар. Ол кісі сол өлеңді домбырамен айтатын. Содан кейін мен гитараға салып алдым ол әнді. Сонымен гитарамен айтып жүрген соң ол кісі «Домбырамен айтқанға қарағанда гитарамен айтқан күштірек екен» деді де маған айтқызды сол әнді. Тойларда мен айтамын.

Салтанат Аякен: Сосын сен сол әңді өзіңе жаздырып алдың ба? Әлде гитарамен орындайсың ба?

Айбек: Жоқ, жаздырып алдым.

Салтанат Аякен: Қаншама бизнесмендер, қаншама миллионерлер саған «көмектесеміз, қолдау көрсетеміз» деп уәде берген. Бірақ біреуі де қазір жоқ дейді. Рас па сол?

Айбек: «Қырамын, жоямын» дегендер көп екен ғой. Жоқ болып кетті барлығы.

Салтанат Аякен: Айтады да кетеді, иә? Енді қазір сенің продюсерсіз өмірің мен продюсермен жасап жатқан өмірің қаншалықты өзгерді?

Айбек: Күшті. Өзімнің жеке әндерім бар.

Салтанат Аякен: Несімен күшті? Неше әнің бар?

АЙбек: Бес әнім, бес бейнебаяным бар.

Салтанат Аякен: Продюсер өзінің қаражатынан түсіріп берді ме? Сен ешқандай қаражат шығарған жоқсың, иә? Тек гонорарға жұмыс жасайсың ба? Айлық аласыңдар ма, негізі, жігіттер?

Айдын: Ешкім бұл жерде жалақы алмайды. Әр  группаның, әр әншінің продюссермен жұмысы басқаша ғой.

Салтанат Аякен: Жігіттер, сендерге ортақ сұрақ: 42500 теңге алдыңдар ма?

Шоқан Уалихан: Иә, екі рет алдым.

Айдын: Жоқ.

Айбек: Жоқ.

Салтанат Аякен: Енді мен Сіздерге он сұрақ қоямын. Сендер мүдірмей, кезек-кезек, тез жауап берсеңдер. Қандай фильмді жылап көрдіңіздер?

Айдын: «Лед 2».

Айбек: Иә, бірге көргенбіз.

Шоқан Уалихан: Менің жүрегім сондай жұмсақ емес. Бірақ болған ондай жағдай. Тарихи кино «Ер-Тұғырыл» деген. Түркия түсірген. Кәдімгідей жылап тұрып көрдім соны. Басқа киноға жылап көрмедім.

Салтанат Аякен: Караокеде жиі орындайтын әндерің?

Айдын: Караокеге жиі бармаймын мен.

Шоқан: Карантиннің алдында болғанмын. Ғаділбек Жанайдың «Жылама Жаным» әні.

Салтанат Аякен: Ең көп айтылатын сөз?

Шоқан: «Бл*».

Айдын: «Ребята».

Айбек: «Көке».

Салтанат Аякен: Инстаграмда кімнің оқырманы ең көп?

Шоқан: Айдында.

Салтанат Аякен: Әбдіжаппар әлде Төреғали?

Жігіттер: Екеуі де.

Салтанат Аякен: Райым әлде Артур?

Жігіттер: Екеуі де.

Салтанат Аякен: «Ninety One» тобын тыңдайсыздар ма?

Шоқан: Тыңдаймын.

Айдын: Тыңдаймын.

Айбек: Тыңдаймын.

Салтанат Аякен: Қазақ эстрадасындағы ең әдемі әнші қыз?

Шоқан: Ең әдемі дегенде, ең мықты айтатын Жанар Дугалова. Бір жағынан әдемі. Бірақ әншілігіне ризамын.

Айдын: Бәрі әдемі мен үшін.

Салтанат Аякен: Алғашқы махаббаттарыңның есімі?

Шоқан: Ақмарал.

Айдын: Жанар.

Айбек: Мектепте бәрі ұнайтын.

Салтанат Аякен: Мына тіркесті жеке-жеке жалғастырып жіберіңдерші. «Біздің продюсеріміз…»

Шоқан: Еркебұлан Молдашов.

Айдын: «Лучший».

Айбек: «Лучший».

Салтанат Аякен: Жігіттер, осымен сұхбат аяқталды. Рақмет көп-көп.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close