InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаШоу бизнесӘн сөздері

Данияр Жұмаділов «Біз бірдейміз» әнін 10 тілде орындады

Данияр Жұмаділов адамзатты бірлікке шақырды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Белгілі әзілкеш, «Спарта» КВН командасының мүшесі Данияр Жұмаділов «Біз бірдейміз» әнін 10 тілде орындап, видеонұсқасын әлеуметтік желіге жүктеді. Шоумен әлемде соғыс емес, тыныштық пен бірлік болсын деген тілегін жеткізді. Ұлтымыздың әртүрлілігіне қарамастан ортақ Жер Анамызда бір отбасыдай өмір сүрейік деген үндеу жасағандай. Ол «Біз бірдейміз» әнімен барлық адамзат баласын мейірім мен махаббат қана құтқаратынын еске салады.

Жаңа ән қазақ, түрік, неміс, испан, иврит, француз, лингала, парсы, украин және ағылшын тілдерінде орындалған.

«Елімізде болып жатқан соңғы жағдайларға қарап, осындай ой келді. Қазіргі адамдар ең басты құндылық – адамгершілік екенін ұмытты-ау. Ұлтқа бөлінбейік, бір болайық. Бір-бірімізді түр-түсімізге қарай емес, жақсы қасиеттеріміз үшін құрметтейік», — деп жазды ол.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close