InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесӘнші

Бейбіт Құшқалиев: «Малдың бағасын қымбаттатпаңдар!»

Бейбіт Құшқалиев саудагерлердің Құрбан айт мерекесі қарсаңындағы әрекетіне пікір білдірді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Барша мұсылман қауымы асыға күткен Құрбан Айт мерекесі де келіп жетті. Әлбетте, шоу-бизнес өкілдері ұлық мерекені назардан тыс қалдырмақ емес.
«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Құрбан айт баршаңызға құтты, баянды болсын! Алла Тағала барша дұға-тілектеріңізді қабыл етсін», — деп тілегін білдірді Сәкен Майғазиев.
«Ассалаумағалейкум, құрметті қазақ елі! Кіріп келген Құрбан айт мерекесі құтты, берекелі, қайырлы болсын! Осы ұлық күннің құрметіне Алла Тағала елімізді ауру-сырқау, пәле-жаладан тазартсын!», — дейді актер Мадияр Серікбаев.

Ал дәл қазіргі қиын кезеңді еске салған Бейбіт Құшқалиев саудагерлердің құрбан айт мерекесі қарсаңындағы әрекетіне пікір білдірді. Малдың бағасын қымбаттанқанның орнына жеңілдік жасау керек деген назын әнші әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

«Ассалаумағалейкум, құрметті ағайын! Міне, Құрбан айт жақындап қалды. Бәріміз дайындалып жатырмыз. Мына мал сататындар құрбандық жақындағанда малдарын қымбаттатып жатыр. Ол дұрыс емес негізі. Себебі, біріншіден, қиындатамыз. Халықтың жағдайы өте қиын, мысалы. Екіншіден, тапқан малында береке болмайды. Үшіншіден, ешкім байып кетпейді. Сол үшін түсіністікпен қара керек. Керісінше, адамзат құрбандық шалып қалсын, Алланың парызын орындап қалсын деген ниетпен «скидкалар» жасау керек», — дейді Бейбіт Құшқалиев.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close