InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесӘнші

Алтынай Жорабаеваның бақытқа толы екінші некесі

Алтынай Жорабаева екінші жолдасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Алтынай Жорабаеваның екінші некесінен нағыз махаббат пен бақытты тапқанына көпшілік куә. «Махаббатсыз дүние бос» деп жариялаған мына видеосынан мұны аңғару қиын емес. Әнші өзінің отбасылық өмірін әлеуметтік желідегі оқырмандарымен үздіксіз бөлісіп жүр. Шоу-бизнестің құпия күйеу баласы жүзін де, есімін де әлі көрсетпек емес. Жолдасы әлеуметтік желіге тіркелмегендіктен түрлі видеоны батыл салып жүрмін деп қалжындайды Алтынай. Ал оқырмандар өздерінің ақжарды тілектерін жаудыруда.

«Сәлем баршаңызға! Қалайсыздар? Біздің ауылға келген мақсатымыз – ауылда шөптің науқаны. Сол себепті күйеу балаға «ауылға барып, шөп орысып қайтайық» деп ұсыныс тастадым. Ол қуана-қуана келісіп, келдік», — дейді Алтынай Жорабаева.

Жорабаева желідегі тікелей эфирде жолдасы біраз ақпарат мәлімдеді.

«Ол туралы қысқаша мәлімет: Қостанайдың жігіті, арғынның жігіті. Менен екі жас кішкентайлығы бар. Қыздарыма жақсы әке болып жүр деп есептеймін. Себебі, қыздарымның келісімі менен қарағанда көбірек болды. Халықтың алдында жүрген өнер адамы болғандықтан, қырықтан асқан келіншек болғандықтан менің әрбір қадамым сынға түседі. Сол себепті мен бұл шешімді ұзақ ойланып шештім», — дейді Алтынай Жорабаева.

Иә, өзін қорғап, қолдайтын ер азаматтың табылғанына біз де қуаныштымыз.

Екінші рет тұрмыс құрған Айнұр Тұрсынбаева да әлі жан жарының кім екенін нақты айтқан емес. Десе де, ақынның үшінші жолдасымен түскен суреті желіде тарап кетті. Ал Айдың нұры жеке өмірі жайлы көп айтқысы келмейді. Жанашыр оқырмандары болса, сүйінші хабар күтіп әлек.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close