InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесӘнші

Көпбалалы отбасы атанған өнер иелері кімдер?

Қазақтың санын көбейтіп, көпбалалы отбасы атанған жұлдызды шаңырақтар көбейді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Шоу-бизнес өкілдері жарады! Жанұялары толығып, қазақтың санын көбейтіп жатыр өнер иелері. Әлеуметтік желіден өзіңіз де көріп, біліп отырған боларсыз, көрермен. Ендеше, қуанышқа бөленген жұлдызды шаңырақтарға шолу жасайық.

Әділ мен Дана көпбалалы отбасы атанды. Осыдан бірнеше күн отағасы төртінші рет әке атандым деп сүйінші сұрады. «Абылайымыздың інісі, атқа мінер батыр келді!» деп бөрігін көкке лақтыруда. Сәбиін құшағына алған Дана «көрінбей кеткен себебім – осы» деп оқырмандарына қуанышты хабарын жеткізді.

Меломен тобының қос шаңырағында бесік той. Қайрат Мырзахановтың келіншегі де төртінші құлыншағын өмірге әкелді. Қазаққа тағы бір батыр сыйлаған жас ана жарады. «Ұлдарыңыз өзіңіз сияқты болса, менде арман жоқ!» деп Қайраттың мерейін бір көтеріп тастады.

Ал меломендік Ғабитке жұбайы екі қыздан кейін бір ұл сыйлады. Иә, ата-анасының көз қуанышына айналған Алишах батыр бұл. Солай, Меломеннің келіндері жарап тұр!

Бэби-бум мұнымен аяқталған жоқ. Шоу-бизнестегі батыр ананың бірі – Динара Сұлтан. Әнші биыл алтыншы сәбиін дүниеге әкелді. Көпбалалы келіншектің карантин кезіндегі жай-күйі деп өзі де жиі сурет салып тұрады. Не десе де, қыздай қалпын жоғалтпайды Динара.

Киноиндустрия да жағымды жаңалықтан кенде емес. Актриса Динара Бақтыбаева тұңғышын бауырына басты. Індет өршіген кезеңде босануға қорыққан ол сәби үшін қатты алаңдап еді. Екеуі де дін аман. Үйлеріне оралды. Айтарымыз жалғыз, сәбидің бауы берік болсын!

Жаңадан тұрмыс құрған айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаевадан көпшілік сүйінші хабар күтуде. Рухани кумир тұтанын оқырмандары бір суреттен-ақ болжам жасап отыр. Ақиқатын Айнұр ханымның өзі айта жатар.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Мынадай да бар

Close
Back to top button
Close