10 дерекInstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаРепортаждарСараптамаларСұхбаттарТұсаукесерШоу бизнесЭксклюзивӘн сөздеріӘнші

Қайрат Нұртас: Аргоняға өзім ұсыныс жасадым

Қайрат Нұртас пен Аргоня тағы да дуэт жазбақшы, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Салтанат АЯКЕН: «Болайын сен үшін маскүнем» сөзін көпшілік қабылдай алмай жүрсе де, Аргоняның бұл әні хит. Өзі айтпақшы, «Легендамен» орындаған ән, көпшіліктің жүрегінен жақсы орын алды десек қателеспейміз. Қайрат, Аргоня бүгін бізде сұхбатта. Қош келдіңіздер! Ең бірінші сұрақ. Аргоня, неге «Маскүнем»?

Аргоня: Маскүнем деген бұл жерде метафора ғой. Махаббатың улайтын арақ болса, онда мен маскүнем болайын. Маскүнем болуды ешкім қаламайды ғой. Маскүнем деген диагноз ол.

Қайрат НҰРТАС: Маскүнем деген сенің улайтын махаббатың арақ болса деп тұр ғой. Бұл жерде ешкім ішіп тұрған жоқ арақты. «Махаббатың улайтын арақ секілді болса, онда мен сен үшін сол маскүнем болайыншы» деген әңгіме.

Аргоня: «Маскүнем» деген сөзге ғана қарап,түсіне салатын адамдарға түсіндіргім келмейді.

Қайрат НҰРТАС: Іштей қынжылам дейсің ғой.

Аргоня: Ия, іштей қынжылам. Өйткені олар бұл метафораны түсіну керек. Толық әңгімені түсіну керек, не туралы айтып тұрғанымды. Ал түсінбей жатып маған әңгіме айтып жатса, онда «ладно, я поехал» дегім келеді.

Қайрат НҰРТАС: Аргоняның қазіргі істеп келе жатқан жұмыстары, әнге деген басқаша көзбен қарап, шығарып жүргенін, өнерін қатты бағалаймын. Неге десеңіздер, қанша жыл бойы Қазақстанға алып келе алмаған стильді әкелді. Мен бұған ризамын.

Салтанат АЯКЕН: Дуэт айтуға кім бірінші ұсыныс тастады?

Аргоня: Бізге Еркін Нұржанов. (күліп) Еркін Нұржанов айтты, «Екеуің дуэт айтсаңдаршы», — деп. «Да ну, давай», — дедім. (қалжын)

Қайрат НҰРТАС: Негізінде былай болды. Дастан деген аға-бауырымыз арқылы естіп, Аргоняның жақсы жігіт екенін естіп, студиясына өзім бардым.

Салтанат АЯКЕН: Өзіңіз бірінші хабарластыңыз?

Қайрат НҰРТАС: Иә, әрине. Жігітше мойындағаным дұрыс. Барсам, қолында кілті тұр, есігін ашып жатыр. «Легенда, я знал, что ты сам придешь», —  деп қояды. (күліп) Содан кейін жарасып кеттік, бауыр басып кеттік. Аллаға шүкір! Бәрі күшті!

Салтанат АЯКЕН: Негізі, «Маскүнемдегі» «Махаббатың улайтын арақ болса, болайын сен үшін маскүнем», деген сөзді айтқыныз келген жоқ қой Сіздің? «Мені халық басқаша қабылдайды» деген ой болды ма?

Қайрат НҰРТАС: Болды негізі. Мен Аргоняға айттым, мүмкін ол жерін өзгертеміз, шарап қылып жеңілдетіп айтармыз мүмкін. Бірақ бәрі соған келіп тіреліп тұр да. Бұл – пиар.

Аргоня: Это работает!

Салтанат АЯКЕН:  Демек, әнді ашып тұр. «Маскүнем» әні  карантинде көп тыңдалды. Ол карантиннің әсері ме, бәрі үйде отырғандықтан, болмаса ән шынымен де хит па?

Қайрат НҰРТАС: «Карантинда ешкім хит шығара алмайды ғой» деп мақтанып қояйын. (күліп) Карантинде хит шығару қиын. Бұл карантинге байланысты емес. Бұл әннің өзінің бір тәттілігі бар.

Салтанат АЯКЕН: Қазір карантинде той жоқ, шығатын алаңдар жоқ. Қайраттың жақсы көретіні сол ғой негізі. Әндеріңіз хит. Кейде «бір жерге шығып өнер көрсетсек қой» деген ой бола ма?

Қайрат НҰРТАС:  Ол күнге де жетерміз.

Аргоня: Екеуіміз бір сахнаға шығып, орындасақ қой деген ой бар, әрине.

Қайрат НҰРТАС:  Қазір елімізде, бүкіл әлемде осындай індет болып жатқан кезде, қиындық боп, адам өліп жатқан кезде қандай алаң?! Алаң да, той да керек емес. Маған той да қызық емес. Ең бастысы, қазағымның басына амандық туса екен! Әлі күндеріміз жарқырайды деген ойдамыз. Сондай күндер басымызға келсе, әрине, шығамыз. Бәрі бір Алланың қалауымен. Сондықтан бәрі өтеді-кетеді. Бәрі керемет болады деп ойлаймын.

Салтанат АЯКЕН:  Сіздер концертке шығамын дегенше әндеріңіз басылып қалмай ма?

Қайрат НҰРТАС:  Одан басқа әндер көп бізде.

Аргоня: У нас миллиард песен есть.

Салтанат АЯКЕН: Тағы дуэт жазасыздар ма?

Қайрат НҰРТАС:  Бізде дайындап қойған төрт ән бар. Аргоня бауырым екеуміз альбом жазсақ деген менің ойым бар.

Аргоня: Әрине,

Салтанат АЯКЕН: Аргоня, неге әннің сөзін білікті, білімді ақындарға жаздырмайсың?

Қайрат НҰРТАС: Мен беріп көрдім «Маскүнемді».

Салтанат АЯКЕН: Қандай текст шықты? Соны айта кетіңіздерші.

Аргоня: «Шалғайда» деген текст шықты. (күліп)

Қайрат НҰРТАС: Мысалға, «Жүріп едім шалғайда, ойланбадым. Тарбағатай…» деген сияқты сөздер шықты. Тарбағатай біздің киелі жеріміз ғой. Сондай сөздерді қосқанда бұл әнге мүлде келмей қалды.

Салтанат АЯКЕН: Аргоня, орыс тілімен айтқанда, саған негізі «обидно» емес пе? Халық әлеуметтік желіге тек қана Қайраттың орындаған жерін салады. Тебе не обидно?

Аргоня: Почему мне обидно? Мне приятно, что он исполнил песню, которую мы вместе написали. Сөзін жазған өзім, әнін жазған өзім. Поэтому мне приятно, что такие легендарные люди как Айкын, как Кайрат Нуртас, исполняют это.

Салтанат АЯКЕН: Аргоня, осыдан бес жыл бұрын сен «Спарта» командасымен жүрдің. Аудиторияң басқа. Тамада да болып жұмыс жасадың. Өзіңнің бағытынды таппағаннан кейін осы салаға келдің бе әлде негізі ішкі дүниеңде болды ма? Осыған дейін әндер жызып, бір күні болмаса, бір күні шығамын дейтін мотивация болды ма?

Аргоня: Негізі, менің әнші болам деген ойым болған жоқ ешқашан. Маған үнемі ақша табу керек болды. Мен аниматор, әнші, музыкант болып істедім. Басқалар сияқты мен де ән жазаламын деп ойлайтынмы. Көрген ортаға байланысты.

Салтанат АЯКЕН: Оқуын оқыдың ба?

Аргоня: Жоқ.

Салтанат АЯКЕН: Қайрат, хит болудың, сол трендтен түспеудің сыры неде деп ойлайсыз?

Қайрат НҰРТАС: Енді анамның еңбегі бар, менің еңбегім бар. Оны Алла көріп тұр ғой. Өз басымды ойламау деген бар. Содан соң мысалға, жас әншілер, бауырлар өсіп келе жатыр. Оларға көңіл бөлмей, «ой ертең кетеді ғой,өшеді ғой» деген көзқараспен қарамай, олармен бірігіп жұмыс істесең, бірге бір әдемі дүние шығарсаң болды. Осының өзі трендтен қалмау деп ойлаймын. Ертең, мысалға Аргонядан кейін де басқа інішектер келеді. Ол кезде Аргоня тура көзқараспен қарау керек. Сол кезде Аргоня мәңгі жанып тұрады.

Салтанат АЯКЕН: Бір-бірін сыйлай білу керек.

Қайрат НҰРТАС: Ия, бірлік керек мұндай жерде.

Салтанат АЯКЕН: Қайрат, бір сұхбатыңызда айтып қалдыңыз, тағы да бір бизнес ашқалы жытырмын деп. Сол бизнес не болып жатыр?

Қайрат НҰРТАС: Ол бизнесте қазір карантин (күліп). Әрине, мен өнерді тастамаймын. Өнерсіз маған қиын. Бірақ өзімнің жеке де жұмысым болу керек. Себебі мен аға буынмын үйдегі. Артта інілерім өсіп келе жатыр. Олар отбасы болып жатыр деген сияқты. Соларға менің көмегім керек. Мен тек бір әнмен кел деген жерге келіп, бар деген жерге барып жүрмеймін ғой. Басқа да бизнестерім бар.

Салтанат АЯКЕН: Жұмыс жасап жатыр ма?

Қайрат НҰРТАС: Ия, әкем жұмыс жасап жатыр. Мен ол кәсіпке қатты көңіл бөліп жатқан жоқпын.

Салтанат АЯКЕН: Карантин бітсе, жаңалық болады?

Қайрат НҰРТАС: Бұйырса, болады.

Салтанат АЯКЕН: Комментарийлерді айта кетейінші. Дастанның парақшасында біреу жазыпты: «Аргоня келіп көздерің ашылды ма? Осыған дейін ән жазу ешкімнің қолынан келмеген бе? Бәрі Аргоняның соңынан жүр ғой», —  деген пікірді көріп қалдым.

Аргоня: Бұл – ұрыстыру.

Салтанат АЯКЕН: Қайрат, Сіз қалай ойлайсыз? Шынымен де көзіңіз ашылды ма?

Аргоня: Бұл – ұрыстыру. Менің көзім ашылды Қайратпен.

Салтанат АЯКЕН: Респект. Жауап. Болды! Жақсы, енді он сұрақ қоямын. Қысқа әрі нұсқа жауап берсеңіздер. Карантин біткен соң не істейсіздер?

Аргоня: Раньше как жил, так и буду жить.

Қайрат НҰРТАС: Иә.

Салтанат АЯКЕН: Аргоня мен Қайрат карантин ережелерін бұзды ма?

Қайрат НҰРТАС: Жоқ.

Аргоня: Бұзбадым.

Салтанат АЯКЕН: Жұбайларыңызға қаншалықты сыйлық сыйлайсыздар?

Қайрат НҰРТАС: Өте көп.

Аргоня: Иә.

Салтанат АЯКЕН: Қызғаншақсыздар ма?

Қайрат НҰРТАС: Иә.

Аргоня: Иә.

Салтанат АЯКЕН: Неден қорқасыздар?

Қайрат НҰРТАС: Құдайдан.

Аргоня: Иә.

Салтанат АЯКЕН: Тойсыз өмір сүруге дайынсыздар ма?

Қайрат НҰРТАС: Әрине. Біздің тойға қарап қалған түгіміз жоқ. Бізде «тойский әншілер» дейді ғой кейбіреулер.  Тойға не үшін барасың? Той деген қазақтың қазынасы. Тойда кездесесің.

Аргоня: Той қазақтың қазынасы.

Салтанат АЯКЕН: Ең соңғы сұрақ. Инстаграм қанша табыс әкеледі?

Қайрат НҰРТАС: Сіздер ГИВ дегенді дұрыс түсініңіздер. Неге ГИВ ойнатпасқа?! Мен сонда түк істемей отыра беруім керек пе? ГИВ ойнатамын. Бірақ мен халықтан жинап жатқан жоқпын ғой.

Салтанат АЯКЕН: Міне осыны түсіндіріңіздерші.

Қайрат НҰРТАС: Халық жай ғана лайк басса болды. Онсыз да үйде отырып, күнде неше түрлі сөздерді жазады. Жай ғана лайк басады. Біреуге айфон беріледі немесе біреуге қаншама ақша беріледі.

Салтанат АЯКЕН: Ендеше, бірге «Маскүнем» әнін бірге орындайықшы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close