InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарПродюсерРепортаждарСараптамаларСауалнамаСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзив

Қайрат ӘДІЛГЕРЕЙ: Мен ешкімнен «главный роль» сұраған емеспін

Қайрат Әділгерей мен Жахан Утарғалиевтің желідегі айқасы фильм продюсері Қоянбаевтың "маркетинговый ходы" болып шықты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Бүкілхалықтық сайлауға айналған Қайрат Әділгерей мен Жахан Утарғалиевтің батлы әлеуметтік желіні әбден шулатып еді. Қос өнерпаз Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски в Турции» фильміне түсу үшін жандарын салды. Қайраттың айтуынша, бұйырған рөліне қарсыласты Жаханның өзі тілеп алыпты.

«Бизнес по-казахски в Турции киносында менің вообще ешқандай қатысым жоқ болатын. Басында Жаханды алатын болған. Содан кейін «Түрікшені қайдан үйренесің?» дегенде Жаханның өзі «Қайрат деген ағам бар,  он бес жылдан бері түрік сериалдарын аударып жүр. Түрік тілін жетік меңгерген, содан үйренемін» деген. Содан бастап Нұрланға идея келді-ау деп ойлаймын», — дейді Қайрат Әділгерей.

Иә, халық шешсін деп ұрандаған Нұрлан Қоянбаев көпшіліктің таңдауын жариялағанмен, екі үміткерге де рөл табылды. Продюсердің өз жоспары бар екен.

«Кейін жарысып болғаннан кейін айтты халық көбіне екеуін де алсыншы деген пікір көп. Мен екеуіңді де аламын. Бірақ мен әлеуметтік желіге Жаханды аламын деп саламын деді. Осы жерден бастап уже маркетинговый ход дейді ғой басталып кетті», — дейді Қайрат Әділгерей.

Жаханмен жарыстан кейін инстаграм желісінде 40 мың оқырман жинап алған актер «бүгін бәрін де «подписчик» шешетін заман болды» дейді. Қайратты өнердегі әріптестері мен сонау Түркиядан актерлар қолдаса, түрлі вайндарымен танылған КВН ойыншысы оқырмандарымен үстемірек болды. Мұны Қайраттың өзі де мойындайды.

«Егер де Жахан бар ғой, мамасының видеосын, Түркиядағы қарапайым халықтың видеосын салмағанның өзінде де оның әлеуметтік желідегі млн подписчигі бәрібір мені жеңіске жеткізбейтін еді», — дейді Қайрат Әділгерей.

Қос актердің телебағдарламадағы мына қылықтары да көптің жағасын ұстатты. Аңғал көрерменнің мұны соңына дейін шынайы деп қабылдағаны рас.

«Біздің Қызыстаймстағы бағдарламаны, екеуміз төбелесіп, қырылып жүргеніміз ол енді Марат пен Еркебұланның идеясы. Актуально дейді ғой, екеуміздің қырылып жүргенімізді бүкіл ел біліп отырды да. Осыны пайдаланып, осындай ход қолданып кетті. Сосын маған да өзіме ұнады, қызық болсын деп», — дейді Қайрат Әділгерей.

Иә, иә, қызықтыруға шебер екендеріңізді байқадық. Көрермен керемет туынды күтіп отыр.  

«Мен енді главный роль бер деп ешкімнен сұраған емеспін. Маған бұйырған рөлді барынша кәсіби деңгейде ойнап шығуға тырысам», — дейді Қайрат Әділгерей.

Айта кетейік, «Бизнес по-казахски в Турции» фильмінің Стамбулдағы түсірілімі  қазіргі ахуалға байланысты 15 тамызға шегерілді. Ал бас продюсер Нұрлан Қоянбаев түрік актерлерімен келіссөз жүргізуде.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close