Басты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаРепортаждарСараптамаларСауалнамаСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Мұхтар Ханзада қашан үйленеді?

«Сен үшін» әні Мұхтар Ханзаданың жаңа қырын ашты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Шаршама деп ән салып, тойдың шаңын шығарып үйренген әншінің бірі – Мұхтар Ханзада. Бәрі рас, Айналайын, Үйге қайтам  секілді әндері халық арасында танымалдылыққа ие. Десе де, дәл қазіргі уақытта өнерпаз карантин ережелерін сақтап жүр ме?

«Карантиннің алдында кішкене болды. Бірақ барынша рұқсат етілген жерлерге ғана бардық. Басқа жерлерге барып жүрген жоқпыз барынша», — дейді Мұхтар Ханзада.

Жарайды, сөзіңізге сенейік. Не десе де, Мұхтардың шығармашылығы көңіл қуантады. Бұған дейін атауы талай өзгерген топтың құрамында жүріп, жұлдызы жана қоймаған еді әншінің. Жеке шығармашылықпен айналысу жаққан секілді. Тіпті, бір жылда бірнеше бейнебаян шығарады.

Қазақ әншілері соңғы кездері тым ақкөңіл. Бірінің әнін бірі жаңа нұсқада орындау сәнге айналды бүгінде. Мұхтар да Сейфуллин Жолбарыстың «Сен туралы» атты әнін өзгеше бағытта орындап, бейнебаян да түсіріп үлгерді.

Айтпақшы, Мұхтардың орындауындағы түріктің әні «Сен үшін» де көпшілік көңілінен шықты. Бұл туындысы әншінің жаңа қырын ашқаны рас.

«Қазақ әндерінің ішінде ондай әндер әлі жоқ екен. Әннің ішінде өлең оқу деген. Соны кішкене жаңалық қылайық деп, оны да қостық. Сонымен өте тәтті ән болды, сұранысқа ие болып кетті», — дейді Мұхтар Ханзада.

Мұхтар Ханзада – эстардадағы бойдақ жігіттер қатарында әзірге. Өзгенің тойында көп жүріп едіңіз, өз басыңызда той қашан?

«Егер де қыз бар болса, мен ұзаққа созып жүре бермейтін едім. Бірден үйленіп алатын едім», — дейді Мұхтар Ханзада. 

Қыздардың құлағына алтын сырға. Жігіттің жасы отыздан асып барады.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close