InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарКлассикаКлиптерМузыкаПродюсерРепортаждарСараптамаларСауалнамаСұхбаттарТұсаукесерШоу бизнесЭксклюзивӘн сөздеріӘнші

«Кішкентай қыздың» авторы кім? Карантинде қандай әндер хит болды?

Карантин уақытында әндері танылған Қанат Әбдіраман мен Әлімжан Кеңес оқырмандарға сәлем жолдайды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Карантин бойы хит болған «Кішкентай қыз». Не дейміз, хитмэн болсаң, Қанаттай бол! Таныса отырыңыздар! 3 айда 7 млн қаралым жинаған әннің орындаушысы әрі авторы Қанат Әбдіраман.

«Жалпы сіздердің тыңдармандарыңызға, оқырмандарыңызға жалынды сәлем!», — дейді Қанат Әдбіраман.

Арыс өңірінің тумасы небәрі 23 жаста. Күтпеген жерден хитмэн атанған әнші жақында бейнебаян да жарыққа шығады дейді. Туындының атауы да жай емес, сол  кішкентай қыздан әлі хабар жоқ секілді. Ал әлеуметтік желіде кавер орындаушылардың видеоларынан көз шалынады. Бұған да өз пікірін білдірді әнші.

«Мүмкін болса, айтсын. Кавер айта берсін. YouTube-қа видеомен салып, жүктесін. Тек мотивтерін өзгертіп, басқаша қылудың қажеті жоқ. Мен сол жағына ғана қатты мән беремін», — дейді Қанат Әдбіраман.

Әлеуметтік желіде танымал болған тағы әннің де көпшіліктің көңілінен шыққты. «Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?» жас әнші Әлімжан Кеңестің әні.

«Баста кішкене айналмай-айналмай барып, шамалы уақыттан кейін. YouTube-ты қарамай жүргенмін», — дейді Әлімжан Кеңес.

Иә, иә, әнінің бірден танылмағанын мойындады. 5 ай уақытта  1 млн-нан аса қаралым. Айтпақшы, Әлімжанның атышулы Қалаулым лайфқа қатысқанын еске салайық. Жобада жұбы болғанмен….

«Менің қазір басыым бос қой…», — дейді Әлімжан Кеңес.

Дәл қазір анасының жанында жүрген жас әнші шығармашылығын дамытып жатқан көрінеді.

«Жаңа әндерді «Қыздың көз жасы», «Мен енді бойдақ емеспін» деген сияқты әндерді дүниеге әкелейін деп жатырмыз, Құдай қаласа», — дейді Әлімжан Кеңес.

Инстаграм желісіндегі бүгінгі тренд осы. Иә, Райымның бұл әніне де желі қолданушылары әлемдік трендтің түр-түрін жасап әлек. Ютубтағы аудио нұсқасы бір жылдың ішінде  20 млн-ға жуық қаралым жинапты. Райым мен Артурдың кезекті әні тағы да жастардың көңілінен шықты. Ерекше аннимациялық стильдегі бейнебаяны да сүйкімді. 4 млн-нан астам қаралған туындының жарыққа шыққанына 1 ай ғана болды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close