Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаПродюсерРепортаждарСауалнамаСұхбаттарШоу бизнесШоумен & ТұлғаЭксклюзивӘнші

«Әскердің мәні кетті!» Отан алдындағы борышын өтеген өнерпаздар жастарды неге сынға алды?

Ұландар күнінде қазақ өнерінің өкілдері әскердегі жылдарын еске алды. Сондай-ақ, отан алдындағы борышын өтеуге құлшынысы жоқ қазіргі жігіттерді де сынға алды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

7 мамыр – Ұландар күні! Отан алдындағы парызын өтеген өнер өкілдері үшін бұл мерекенің орны ерек. Мәселен, сонау тоқсаныншы жылы әскерге аттанған Сейфуллин Жолбарыстың анда-санда ностальгияға бөленетіні бар. Қазіргі таңда сазгер сарбаз достарымен байланысын үзіп алғанын айтады.

«Служактармен қазір араласым жоқ. Себебі КСРО тарқағаннан кейін, олардың барлығы жан-жақтағы елдерде қалып кетті. Өзіммен барған жігіттердің өздері Ресейге көшіп кетті. Сондықтан қатты қарым-қатынастамын деп айта алмаймын», — дейді Сейфуллин Жолбарыс.

Бұл олқылықтың орнын толтырған танымалдар да бар. Бүгінде ұзыншашты Ұлықпан мырзаны көпшілік әнші әрі сазгер ретінде жақсы білсе, жауынгер Жолдасовтың осыдан отыз жыл бұрын отан алдындағы борышын өтегені жалпақ жұртқа беймәлім.

«Соңғы кезде менің кішкене танымалдылығым бар. Соның арқасында біраз служақтарымды тауып жатырмыз. Құдайға шүкір қанша жылдан бергі, сонау 1984-1986 бері жәйлап табылып жатыр.  Соңғы жылдары тауып бастадым. Жалпы служактарым бар, хабарласып тұрамыз. Ол әскердегі достықтың жөні бөлек енді», — дейді Ұлықпан Жолдасов. Айтпақшы, Еркін Мәулен, Серік Ибрагимов сынды әншілердің жұлдызын жаққан продюсер Алтынбек Рахметов те 1987-1989 жылдары қиыр шығыста өткен сарбаздар сапындағы сәтін мақтанышпен еске алады. Бірақ, КСРО кезеңінде әскери қызметін атқарған ағалардың қазіргі жастарға көңілі толмайтын секілді.

 

«Әскерге барасың деген кезде менің қуанғанымды  көрсеңіздер. Өйткені, әскерге бармаған жігіттер – оларға қыздар қарамаған негізі. Қазір жағдай басқаша секілді. Әскерге бармаған жігіттер кеуделерін соғады. Иә, біз әскерге барған жоқпыз, «крутоймын» деген әңгіме айтады да. Ал, біздің уақытта әскерге бармаған жігіттер ұялып жүретін», — дейді продюсер Алтынбек Рахметов.

«Біздің әкеміздің кезінде үш жыл болды, одан екі жылға түсті, қазір бір жыл болды. Соған қарағанда әскердің де мәні кетіп бара жатыр ғой деймін. Бірақ, дегенмен Отан алдындағы борышты өтеу керек», — дейді композитор Ұлықпан.

Соңғы уақытта әскери өмірге құлшынған жігіттердің саны сиреген. Қазақ өнеріндегі аға буынның басым бөлігі отан алдындағы қызметін мүлтіксіз атқарғанымен, бүгінгі шоу-бизнес өкілдерінің арасында қару асынғандар некен-саяқ! Борышын өтегендердің бірегейі – «Меломендік» әнші Қайрат Мырзаханов!

«Мен өзімнің отан алдындағы парызымды Алматы облысы, Қапшағай қаласында 2004-2006 жылдары десанттық шабулы бригадасында өтедім. Еш өкінбеймін, керісінше қуанамын», — дейді «Меломен» тобының әншісі Қайрат.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close