Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыМузыкаРепортаждарШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Табыссыз қалған «Renzo» тобы ақша табудың жаңа тәсіліне көшті

Топ мүшелері күні кеше «Вниз» атты тың тректің тұсауын кесіп, жанкүйерлеріне тосынсый тарту етті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

«Renzo» тобы соңғы уақытта өздерін түрлі стильде сынап, шығармашылық ізденісте жүрген сыңайлы. Карантин жігіттерге қанат бітіргені соншалық, дәл қазір boysband «WOW» EP әнжинағын әзірлеу үстінде.

 «Қазіргі таңда өте көп жұмыс жасалып жатыр. Басында топ боп құрылған кезде бізде студияда күні бойы отырып, еңбектену деген көп болмайтын. Ал Дәулет келген кезден бастап, біздің ұжымда жаңа тыныс пайда болды деп айта аламыз. Жеті трек жазып, үш бейнебаян түсірдік. Тағы жаңа өлеңдер жазып жатырмыз. Алдағы уақытта шығады. Одан да бөлек жаңалықтарымыз бар. YouTube парақшамызда бейнероликтер жүктейтін боламыз», — дейді топ мүшелері.

Бір кездері boysband-тің жұмысы бәсеңсіп, сахнаға шығуы да саябырсыған еді. Тіпті тыңдарманы төрттік тарады ма деп топшылады. Алайда бұған Renzoның экс-мүшесі Жанболаттың кетуі себеп болса, екіншіден Есеттің еріншектігі әсер етсе керек.

«Топтың ең жалқауы мен шығармын. Балалардың үшеуі көп нәрсеге жауап береді», — деді Есет.

«Басқа топтарда сол ұжымның келбеті деген болады ғой. Ал біз бәріміз келбетіміз. Бишіміз, әншіміз, актермыз», — деді Дәулет.

Renzo-лықтар да, он бес жылға жуық тарихы бар RinGo-ның ізін қумақ. Әр жігіт жеке әншілікке бет бұруды әлден қолға алған. Бірақ дәл қазір топтың танылуы үшін тер төкпек. Абыройын асқақтатқан күні ресми түрде жеке шығуға әзір.

«Әрқайсысымыздың жасап жүрген жұмысымыз бар. Бірақ қазір жеке шығамыз деп айта алмаймыз. Себебі қазір топ үшін еңбек етеміз. Әлі де жалғастыра береміз», — дейді «Renzo».

Boysband тойда өнер көрсетпейтіндерін баяғыда-ақ мәлімдеген. Қазіргі таңда олар  табыс табудың тың тәсіліне көшіпті. Енді әлеуметтік желілерде көлемді болмаса да, клипке ұқсас роликтер жүктеп, «Renzo» ұжымының қалтасын қалыңдатпақ.

«Алаңдарда өнер көрсетеміз, музыкалық платформаларға әндерімізді саламыз. Алдағы уақытта YouTube арнасына ролик жүктеу туралы белгілі бір жоспарларымыз бар. Табыс көзі негізі сол жерден деп айта аламыз.Одан бөлек арамызда біреу өлең жазса, сөз жазса оны авторлық қоғамға тіркейміз. Одан да кішігірім табыс бар», — дейді boysband.

Жігіттер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта рензиктерді тағы бірқатар жаңа туындылардың кезегі күтіп тұр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close