InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаРепортаждарШоу бизнесӘнші
Әнші Ернар Айдар қамауға алынды
Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізген Ернар Айдарды құзырлы мекеме қызметкерлері құрықтады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.
Әнші 23 сәуір күні түс мезгілінде он екі адамнан құралған топпен, тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп жатқан сәтте ұсталған. Өнер иесіне карантин режимін бұзды деген айып тағылып, оқиға орнында қамауға алынды. Ізінше тергеу амалдары жасалған.
«Мен карантин режимінен шығып кеткеніме кешірім сұраймын. Қауіпсіздікті сақтауым керек еді», — деді әнші.
Сол күні Ернар Айдармен бірге Думан есімді директоры да ұсталған. Оларға елдегі карантин режимін бұзғаны үшін 10 АЕК айыппұл және 15 тәулікке дейін қамауға алынатыны ескертілді. Естеріңізге салсақ, бұған дейін Арман Қоңырбаев та төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген болатын.