Басты жаңалықтарКлиптерӘнші

Мейрамбек Бесбаев әріптесіне пышақ лақтырды

Өнердегі інісі Шекербековпен бейнебаян түсірген Бесбаев экстремалды әрекеттер жасады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Отандық эстрададағы жұлдызды дуэттер қатары тағы да толықты. Өткен жылдың күзінде Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан бірлесе ән салса, күні кеше сол тректің су жаңа бейнебаяны көрерменге жол тартты. «Достарға» деп аталатын туындының сөзі мен сазы «Музарттың» марғасқасын бірден баураса керек, өнердегі інісіне өзі қолқа салыпты.

“Ағаға бұл әнді көрсеткенде бірінші өзі айтқысы келді. Одан кейін менің концертім жақындаған соң: «сенің концертін келе жатыр ғой, онда бірге дуэт орындайық», — деп мені қуантып жіберді. Концертіңе деген менің көмегім болсын деп, сөйтіп-сөйтіп дуэт шығып кетті негізінде”, —  дейді Ғазизхан Шекербеков

Бұл әннің тұсауы Ғазизханның есеп беру кешінде кесілген еді. Ал, Мейрамбек өнердегі ізбасарларын қолдауда қол қусырып қалмайтынын айтады.

“Мен қазір бірталай інілерімнің концерттерінде жүрмін. Шақырған кезде көріп, қадағалап деген секілді. Енді ел білгеннен кейін дер кезінде бергенде дұрыс. Өйткені ол түсіністіктен арылуымыз керекпіз біз. Жаңағыдай, кейін, қартайғанда, ол жағын Құдай біледі ғой, өмір бере ме, бермей ме? Жас кезде қайта, жаңағы естеліктер болады. Неше түрлі таспаға түсіп қалады деген сияқты ғой. Сондықтан, ел танып жатқан әртістерді қолдаймын”, —  дейді Мейрамбек Бесбаев.

Иә, отандық эстрадада отыз жылға жуық тәжірбиесі бар Бесбаевпен қосыла ән шырқауды қалайтындардың қарасы көп. Әр туындыда таңдап, талғап бой көрсететін Мейрамбектің, шынайы бет бейнесін дәл осы клиптің режиссеры түсірілім алаңында анық байқаған.

“Мейрамбек ағамен бірінші жұмыс істеуім. Айта кетейік, бұл кісі өте сабырлы. Бұл кісіге айтсаң бәрін тез түсінеді. Ал басқа әншілер болсын, актерларға айтсаң оны ұзақ уақыт қорытады, ішіне салып ойлануы көп болады.  Каприз деген нәрсе, мен халық әртісімін жаңағы кейбір кісілер секілді, көпке топырақ шашпай-ақ қояйық: «Мен қазір кетуім керек, маған бір-ақ сағат уақыт бер»-деген жоқ. Қай уақытта шақырдық, сол уақытта келіп гриміне отырды”, —  дейді режиссер Азамат Ержанұлы.

Ерекше сюжетпен таспаланған трек дұшпан мен достықтың сұлбасын суреттейді.Бетперде киген кейіпкерлер клиптің мағынасын тереңдете түскендей.

“Бұл жерде беттерін гриммен бояуымыз, Джокер болсын, басқа да кейіпкерлердің бетін бояу болсын, адамдардың өмірде бетпеде киіп жүретінін көрсету. Бейнебаян бір локацияда түсірілді. Бір локацияда 24 сағат бойы түсірдік. Бірі жағынан қиын болды, екіншісі эксперименталды клип болды. Яғни бұл жерде клипті көрсеңіздер графика бар. Мейрамбек аға Ғазизханға пышақ лақтырады, стакан лақтырады”, —  дейді режиссер Азамат Ержанұлы.

Иә, карантин кезінде көрерменге жол тартқан бейнебаян халықты бір серпілтіп алды. Жиырма төрт сағаттың ішінде қаралымы 100 мыңға жақындап, мыңдаған пікір жинап үлгерген. Достықтың маңыздылығын насихаттайтын әуен талай жолдастың ұранына айналары сөзсіз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close