InstaNewsМузыкаСараптамаларШоу бизнесӘн сөздеріӘнші

Марат Омаровтың коронавирус жайлы хиті жаңа нұсқада жарыққа шықты

Әнші Шахизада әлемді жайлаған індетті әнге қосқан әріптестерін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Иә, Марат Омаровтың дәл осы дүниежүзін даурықтырған індет жайлы әні, бір түннің ішінде танымалдылыққа ие болғаны бар. Тіпті әлемнің түкпір-түкпірінде шырқалып, ауқымды челленджге айналған еді. Омаровтың позитивке толы туындысы өзге өнерпаздарға да шабыт сыйлаған секілді. Желіде хитке айналған жеңіл әнді әркім өзінше орындауға тырысып бағуда. Мәселен, Дидар Кәден Марат мырзаның бұл шығармасын өзгеше өңдеп, ремиксін ғаламторға жүктеді.

«Шынымен де қазір карантин. Не істерімізді білмей жатырмыз. Бір тың туынды жазайық десек шабыт та болмай тұр. Енді міне Марат ағамыздың әніне үш бірдей ремикс жасап, өзімнің парақшама салған болатынмын», — дейді әнші.

Бұл туындыдан ешбір әбестік көрмеген Кәден, керісінше әдемі көңіл –күйге бөленгенін алға тартады. Алайда әлеуметтік желідегілердің пікірі екіге бөлініп, бірі Дидарға алғысын жаудырса, келесі тарап танылудың жолына теңеген.

«Бірақ ол жерде ешқандай хайп жинау, мазақ ету деген ой емес. Жоқ. Өзімнің алған тәжірибеммен бөлісу, бір жағынан халықтың көңілін көтеру», — дейді Дидар Кәден.

Бүгінде коронавирус туралы ән жазатындардың қатары көбейген. Солардың бірі – әнші Ерлан Көкеев.  Ал Шахизада қауіпті індеттің атын атап, тіпті оны әнге қосқан әріптестерінің әрекетін түсінбей әлек.

 «Негізі ауруды атамақ түгілі, миыңды сақтама, есіңе түсірме деп бізді тәрбиелеп, үйреткен. Сондықтан мен бұл ауруды есіме алмаймын да, миымды ауыртқым да келмейді. Жақсы нәрсені ойлап, әрдайым күліп, көңілді жүргенді қалаймын», — дейді Шахизада.

Тәжвирусты әнге қосқан сазгер, сырт көздің сынын құлаққа ілер түрі жоқ. Темірді қызған кезде соғуды құп көрген Омаров, қазнеттің қызу талқысына түскен туындының мәтінін бірнеше тілде жаздырып, тек қазақ халқын емес, жаһан жұртшылығының назарын өзіне аударуды көздеп отыр.  

«Әріптестерім бұл әніңізді бейнетаспа жасап, барлық тілде жіберсеңіз деп ұсыныс жасап жатыр. Сондықтан қазір екі шумағы жазылды. Үшінші шумағын шығарып,  ағылшын, француз, басқа тілдерге қалай аударамыз, соны қарастырып жатырмыз», — дейді Марат Омаров.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close