Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСұхбаттарӘнші

Арынбаев ауыр дерттен айықты

Музыкаға құштар Медеу өнер әлеміне қайта оралды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Бір жыл бұрын ауыр сырқатқа шалдыққан Медеу Арынбаев шығармашыққа оралды. Денсаулығын қалыпқа келтірген өнерпаз сахнаны сағынғанын айтады. Біраз уақыт жұрт назарынан жырақтаған ол, тыңдарманымен карантиндегі концертінде қауышты.

“Өткен жылы дәл осы кезеңдерде басымнан үлкен дерттен құтылдым. Он сағаттық ота жасалды, оны білесіздер. «Денсаулығыңыз қалай?» — деп сұрап та жатыр адамдар. Бәрі керемет, бәрі түс көргендей артта қалды”, — дейді Медеу Арынбаев.

Үлкен сынақты бастан өткергенөнер өкілін жанкүйерлері жылы ықыласпен қабылдады. Десе де, әншінің денсаулығына алаңдаушылық танытушылар легі әлі де азаймаған. Ал, Арынбаевтың жаман дертті ауыздықтауына спортқа деген бейімділігі көмектескен көрінеді.

“Әнші болмасам, ай білмеймін сол, күресші болып кетер ме едім. Грек-рим күресінде жүрер ме едім кім біледі. Әнші болып қой, жолдан тайып кеттік, әйтпесе жақсы-ақ күресіп келе жатқанмын мен ауылда”, — дейді әнші Медеу.

Кәсіби сахнада 30 жылдық тәжірибесі бар Арынбаев, «АБК» тобында ән салып, кейін жеке орындаушылыққа бет бұрған еді.  Композиторлық тізгінін де қолға алып, мыңдаған көрерменнің сүйіктісіне айналған. Ал, әуелде музыкаға құштар бала Медеудің таңдауына әкесі біразқарсылық танытыпты.

“Мен әкемді мақтанышпен айтамын, бас прокурордың баласы болып жүргенмін мен. Әкем басында 7 сыныптарда, қолыма домбыра алып өстік қой. Басында балалық қой деп жүрді ғой басында. Одан кейін мен гитара алып, ансамбль мүшесіне қосылып той-томалақта жүргенімде әкем аздап қынжылатын сол кезде: «Айпырмай, мын бала қайда кетіп бара жатыр?»  Енді сондай азаматтың баласы ансамбльде жүргеніне ұялған шығар,  қысылған шығар. Әй, не болып кетеді екен деген ойлары болмады емес,  болды, — дейді Арынбаев.

Өмірін өнерге арнаған әнші, шәкірт тәрбилеуде де аса белсенді. Түрлі вокалдық сайыстардатөрелік етіп, кіші буынға өткір пікір білдіруде тайсалмайды.

“Кейде әріптестеріме таң қаламын. Біздің көптеген жас әншілеріміз, өте көп талантты шет елдің әндерін, кез-келген тілде, италия тілі болсын, ағылшын болсын орындайды. Ал қайтып келген кезде, өзіміздің Шәмші ағамыздың әндерін айта алмай қалады, кейде таң қаласың. Эстрада менің айтарым жан жақты болғанымыз орынды деп ойлаймын. Бар тілді біл, өз  тіліңді ұмытпа дегім келіп отыр”, — дейді Медеу Арынбаев.

Әріптестерінің қатарын қайта толықтырған Медеу мырза,репертуарын жаңартуға кіріскен. Бүгінде Арынбаев қазан айында үлкен концерт беруді жоспарлап отыр. «Махаббатым Алматыда» деп аталатын кеш Алатау баурайынан бастау алмақ.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close