Басты жаңалықтарЖаңалықтарКлассикаМузыкаРепортаждарӘнші

Роза Рымбаева халықтан неге кешірім сұрады?

Тікелей эфирде көрерменімен қауышқан Роза Қуанышқызы ағаттықтың алды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпаратық порталы.

Карантиндегі концерт өткізу кезегі Роза Рымбаевада. Халық әртісі тікелей эфирде 2 сағат бойы онлайн кеш берді. Бірнеше аптаға сахнадан жырақтаған өнерпаз ән салуды әбден сағынып қалған секілді!

“Бүгін мен үшін  үлкен бақыт сіздердің алдарыңызда осындай концерт беру. Осы қиын заманда, осы бір ерекше күндерде басымыз қосылып, барлығымыз теледидардың алдында, отбасымызбенен кешкі бір кездесу. Мен осыған өте бір қуаныштымын”, — дейді Роза Рымбаева.

Өмірінің 45 жылын өнерге арнаған Роза Қуанышқызы live форматтағыконцертіне тек махаббат әндерін топтастырыпты. Өнерпаздың айтуынша, қоржынындағы лирикалық шығармаларды жинақтауға нақты себеп те бар.

“Мен сіздерге шын жүрегімменен өзімнің жүрегімнен шыққан әндерімді орындап, сіздердің біраз көңілдеріңізді көтергім келеді. Көтергенде, мынандай кішкентай ғана студияда билеп, секіре алмайсың. Сондықтан көбіне махаббат, лирика әндерін айтқым келеді”, — дейді әнші Роза Рымбаева.

Маңызды күні анасына демеу болған Әли,  шығармашылық топта қызмет етті. Бұл кеште сырын ақтарған Рымбаеваның тұңғышы Батырхан Шүкеновпен қосыла ән шырқауды  қалағанын айтады. Алайда, арманы орындалмапты.

“Батырхан ағамыз біз үшін үлкен үлгі болды. Тек қана өмірде емес өнерде де қандай ұқыпты, қандай жарқын адам болған. Ағамызды үлгі тұтып, жолын қуып, анам екеуміз сіздерге Батырхан ағаның ең әдемі әні «Сағым дүние» әнін соны сіздерге ұсынбақшымыз” , — дейді Әли Оқапов.

Екі ұл тәрбиелеп отырған ана үшін карантин күндері пайдаға жараған секілді. Жұмысбастылықтан отбасынан жиі жырақтайтын халық әртісі, соңғы уақыттабар көңілінін балаларына қарай бұрған.

“Біз бір үйдің ішінде, бір отбасыда тұрып, кейде бір-біріміздің түрімізді ұмытып кетеміз кейінгі кезде. Себебі барлығымыз жұмысбастымыз.Осы карантиннің арқасында мен екі ұлымды күні бойы құшақтап, беттерінен сүйіп, сүйген тамақтарын жасап отырмын”, — дейді Роза Қуанышқызы.

Әнші перзенттерін еркелетіп қана қоймай, кейде сыни көзбен қарауды да ұмытпайтын көрінеді. Қос ұлының шоу-бизнестегі әр қадамын жіті бақылайтын Роза ханым,бұл күнде Әли мен Мәдидің шығармашылығына оң бағасын берді.

“Ең бірінші сын айтатын мамасы. Егер аналары сын айтпаса басқа көрермен одан да қатты сын айтады ғой, иә балам? Және мамасы бұлардың әріптесі, үлкен әріптесі, сондықтан мен балаларымның тек сапалы өнермен сахнаға шыққанын қалаймын”, — дейді Роза Рымбаева.

Халықпен қашықтықта қауышқан Рымбаева, бұл жолы тың туындыларының да тұсауын кесті. Кеш иесі композитор Талғат Сарыбаевтің жарық көрмеген әнін шырқады.

“Мен алғаш рет орындап, сынақ тапсырайын деп жатырмын. Әли, сенің анаң қағазға қарап ән шырқайды бүгін. Біз тек эфирдің алдында ғана дайындалдық. «Река столетие» деп аталады. Егер мен кей жерден қателік жіберсем  қатты сөкпеңіздер мені”, — дейді әнші Роза Қуанышқызы.

Халық әртісі онлайн кеште жаңа әннің тұсауын кесті.

“Біздің Қазақстанның өркендеуіне сенемін, біз бақытты елміз, біз берекелі, мерекелі елміз,осы қиыншылықтан ертерек құтыламыз деп мен сенемін. Мен ертеңіме сенемін, сіздерге де сондай сенім тілеймін” , — деп Роза Қуанышқызы сөзін аяқтады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close