ЖаңалықтарКино & ТеатрМузыкаСараптамаларШоу бизнесӘнші

Мұрат Қожа алғашқы некесіндегі қыздарымен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты

Өзге де отандық өнер иелері балаларымен байланысын және жан сырымен бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Бүгінде «Жексенбілік әке» фильміндегідей ұл-қыздарымен тек демалыс күндері жүздесетін жігіттер аз емес. Отандық жұлдыздарды да бұл мәселе айналып өтпеген. Шоу – бизнестегі бірқатар ер азаматтың алғашқы некесі сәтсіз аяқталып, арадағы баламен де қарым-қатынас түбегейлі үзілсе, екінші тарап әкелік міндетін атқарып, алдына жан салмай жүр. Мәселен Дидар Кәден, ұлы Диярмен тек жексенбіде ғана жүздесетін көрінеді.

«Ұлым көбінесе балабақшада. Демалыс күндері менің қасымда. Кейбір кезде балабақша жұмыс істемей қалады, балам ауырып қалады. Сол кезде мен анасына егер сендер жұмыста болсаңдар, өзім алып кетейін деп айтамын. Әкесінің, әжесінің қасында болады. Сондықтан да бір-бірімізге қабақ түйістіретіндей, қатты ренішіміз жоқ. Болатын дүние болды», — дейді Дидар Кәден.

Ал, Мұрат Қожаның алғашқы некесінен үш бірдей қызы бар. Бүгінде өнер иесі бірінші жары, Айман Нұразханмен мәмілеге келіп, екі жақ бір-бірін кешірген сыңайлы. Сәйкесінше өнер иесі қызғалдақтарымен де қарым-қатынасын түзеген. Алайда арқа-жарқа боп, жақынырақ араласуға әнші әке әлі жүрексінетін көрінеді.

«Әзірге телефон арқылы сөйлесеміз. Қыздарым өседі, өздері келеді. Мені түсінеді деп ойлаймын», — дейді Мұрат Қожа.

Айқын керісінше қос некесінен туған перзенттеріне көп уақыт бөліп, бауырмал боп өсуіне барын салуда. Бұл жөнінде  әнші әлеуметтік желіде де жиі жариялап жүр. Төлепберген уақыты тапшы  кезде де тұңғышын қасынан бір елі тастамай, ертіп жүретін болған.

«Жиі кездесуге, бір жерге барғанға уақыт жоқ. Көбінесе жұмыстарыммен жүремін. Сосын үлкен ұлым әрқашан қасымда, қайда барсам да бірге алып жүремін. Өнерге баулиын деген мақсат жоқ. Бірақ өзіне қызық боп тұр. Мүмкін математик болатын шығар. Ол жағын өскенде өзі шешеді. Мен оған ештеңе айта алмаймын. Қандай шешім қабылдаса да, көмектесемін», — дейді Айқын.

Дәурен Айдарқұлов та, шоу бизнестегі бажасынан қалысар емес. Актер алғашқы некесіндегі ұл-қыздарымен оқушылардың көктемгі демалысында жүздесу керек еді. Алайда қос қаланың карантинге жабылуына байланысты кездесудері кейінге шегерілген сыңайлы. Әзірге әке мен бала онлайн қарым-қатынас орнатуда.

«Менің алғашқы жанұямдағы балаларым қазір астанаға көшіп кетті. Сол себепті қатынасу қиын болып жатыр. Енді мүмкіндігінше күнде бейнебайланыс арқылы сөйлесуге, өзіміздің тәрбиемізді ұялы телефон арқылы айтуға тырысып жүрміз», — дейді Айдарқұлов.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close