InstaNewsМузыкаРепортаждарСұхбаттарӘнші

Қайрат Түнтеков өнерге қайта оралды

Жиырмаға жуық өнерпаз әндеткен челленджде Қайрат Түнтеков та бой көрсетті. Желіні жаулаған жобаның нақты мақсаты мен идея авторы жайлы Shownews.kz ақпараттық порталынан оқыңыз

Шоу-бизнес өкілдері карантин кезіндеүйдеотырса да өнерден алыстамақ емес. Көпшіліктің назарынан тыс қалуды жөнкөрмейтін жұлдыздар әлеуметтік желіде де аса белсенділік танытуда. Әншілер әр шаңырақтың астында отырып-ақ, әріптестерімен бірлесе онлайн ән шырқады.
«Бізбіргеміз» челленджінің ұраны ретінде БатырханШүкеновтың «Қайранкүндер» атты әні таңдалыпты. Өлең тармақтарын 21 өнерпаз өзара бөлісіп, жанды дауыста тың дүние шығарған. Жұртқа жолданған жобаға ат салысқан танымалдар тізімінде Қайрат Түнтеков те бар.

“Челленджің мақсаты бұл халықты тыныштыққа шақыру. Ең бастысы сабырлық деймін. Құрметті, қазақстандықтар, сабырлы болайық. Еш нәрсенің уайымдамаңыздар, баршаңызға тыныштық тілеймін. Ең бастысы біз біргеміз. Челлендж болғандықтан шет елден алынған. Бірақ біздің өнердегі досымыз, продюсер Асанәлі Естияр деген бауырымыз ұсыныс жасағаннан кейін, біз ойланбастан жазайық дедік”, — дейді Қайрат Түнтеков.
Кей әншілер жүктерін жинап ауылдарына жолтартса, Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларында қалған өнер өкілдері уақытты тиімді өткізудің түрлі тәсілдерін ойлап табуда. Тұрсынбек Қабатов бала-шағасымен бірге бетперде тіксе, Нұрболат Абдуллин суретшілік талантымен оқырманын тәнті етуде, ал Алтынай Жорабаева бүгінде сахнаның ғана емес асхананың жұлдызына айналған.
“Карантин уақытында ғана емес, бұған дейін де спортпен айналысып жүрдім, қазір де спортпен айналысып жүрмін. Спорт денсаулық кепілі дейді ғой. Сондықтан баршаңызды спортқа шақырамын”,- дейді әнші Қайрат Түнтеков.
Иә, байбалам салып, ғаламторды дүрліктіргеннен гөрі, берілген уақытты жақсылыққа жұмсаған абзал. Бұл сәтті жақындарыңыздың жанынан табылып, елге беймәлім ерекше таланттыңызды танытудың таптырмас тәсілі деп түсінгейсіз.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close