Айқын Төлепберген бәсекелестікке төтеп бере алмады
Әнші Айқын енді продюсерге айналмақ. Алайда киноәлемдегі азулылар өнерпазға қастарынан орын беруге асығар емес. Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталынан оқыңыздар
Айқын өзі продюсерлік еткен фильм көрсетілімін кейінге қалдырды. Төлепбергеннің шешімімен өткен жылдың күзінде түсірілімі басталған комедия наурыздан, сәуірге ауыстырылған еді. Киноиндустрияға жаңа қадам басқан әншінің, отандық азулы режиссерлер арасындағы бәсекелестікке қауқары жетпейтін секілді.
“Сегізінші мартқа шығарамыз деп едік, үлгермедік. Оның үстіне наурызда 3 кино шығады. Оны 4 кино етіп шығарғаннан гөрі, оданша жалғыз өзін асықпай шығарған дұрыс. Сондықтан соның бәрі шығып болсын: «уф» дегенде, мен «дарс» етіп шығарып жіберемін соңында”, — дейді Айқын Төлепберген.
Фильм таспалауға кіріскен Айқын декреттік демалыстағы жары Жұлдызды да шығармашылықтан тысқары қалдырмаған. Жұбайлар басты кейіпкерлерді өздері сомдаса, ал қосалқы рөлдерді танымал әртістерден жасақтапты. Актерлік құрамда, Рүстем Жаныаманов, Гүлнәр Сильбаева, Нұрсұлтан Жақсыген, Құмар Лұқман және тіпті Төреғали Төреәлі де бар.
Бұл фильмнің алғашқы атауы «Операция гүлдер»еді, кейін комедия «Где мое кольцо?» деп өзгертілген. Картина сюжетіндегі Асқар атты кейіпкер сүйіктісіне тосынсый жасауды ұйғарады. Қаланың қақ ортасынан гүл дүкенін ашып, кілтін бойжеткенге тапсыруға асығады. Алайда, жүзігін жоғалтқан қарақшы жоспарды күрт өзгертеді.
Айтпақшы, әмбебап әнші фильм саунтрегін де өз мойнына алған. Argonya лақап атын жамылған өнерпазбен дуэт орындап, бейнебаян түсірген. Бір ай бұрын желіге жүктеген жұмыс аз уақыт ішінде 2 миллионға жуық қаралым жинапты. Еліміздегі жағдайларға байланысты, келесі айда прокатқа шығуы тиіс киноның көрерменге қашан жол тартатыны әзірге белгісіз.
Айқынкино әлемінде жарына гүл дүкенін ашып әуреленсе, шоу-бизнестегі бажасы Дәурен сүйіктісін қайтара алмай әлек. Айдарқұлов үлкен кемеге мініп ұзақ теңіз саяхатына аттанды. Аталмыш рөлді актер «Круиз» атты туындыда сомдаған.
Аталған кинокомедияның бюджеті продюсерлердің қалтасын біраз жұқартқан секілді. Жарты әлемді шарлап, түрлі қалаларына жол тартқан кемеден шетел жұлдыздарын да кездестіре аласыздар. Айта кетейік, кинотуындыдан түскен қаражат қайрымдылыққа жұмсалмақ.