Басты жаңалықтарМузыкаСараптамаларШоу бизнесӘн сөздеріӘнші

Айдар Тұрғанбек ағылшынша әндер жазып, әлемге танылмақ!

«Жігіттер» квартетінің белді мүшесі Айдардың жетімдер жайлы туындысы, бүгінде Англия, Мысыр, Түркия, Африка, Малайзия сынды әлемнің алпауыт елдеріне тарап үлгерген, деп хабарлайдыьShownews.kz ақпараттық порталы.

Айдар Тұрғанбектің ағылшын тіліндегі тұңғыш трегі, аздаған уақыт ішінде бірқатар мемлекеттің марапатына ие болған. Енді өнер иесі, өзге тілдегі әндерінің қатарын көбейтпек.

«Құдай қаласа, шет тілде тағы бір ана туралы әнді шығарғым келіп жүр. Қазіргі таңда аударылып қойды. Мысалы мен махаббат туралы әндерді ағылшыншаға аудармаймын. Оны менсіз де айтатындар көп. Тек тәрбиелік мәні бар туындыларды екі-үш тілде шығару жоспарымда бар», — дейді әнші.

Айдар Тұрғанбек әке, ана туралы туындыларының шекарасы кеңейгенін қалайды. Өнер иесі ағылшын тілін жетік меңгермесе де, аудармашының көмегімен әнін әлем халқының жүрегіне жеткізу үшін тырысып бағуда.

«Кішкентай кезімнен ағылшынша әндерді көп тыңдағаннан кейін мен үшін шет тілде ән айту, иірімдерді жасау оңай. Бірақ мен ағылшынша сөздерді мысалы, с дегенді са деп қазақша жазып алдым. Әрине, аударған кісі қасымда айтып тұрады», — дейді Айдар.

Айдар Тұрғанбек алдағы уақытта әндерінің шетелде шарықтап, танылатынына сенімді. Қазіргі таңда өзге елдерден толассыз ұсыныстар түсіп жатқан көрінеді.

Соңғы уақытта шоу-бизнес өкілдері шет тілінде ән шырқауға жаппай көшкен сыңайлы. Мәселен таяуда «Меломен» тобының да репертуары орысша туындылармен толықпақ. Жігіттер акцентке аса бас қатырмайтындарын айтады.

«Акцентті біздің Қазақстан байқауы мүмкін. Біз қазақша айтатын әншілер болғандықтан бәрібір акцент білінеді. Сосын манера деген дүние бар. Кейде қазақилыққа түсіп кетеміз. Бірақ ол орыс халқына қызық болатын шығар деп ойлаймыз», — дейді «Меломен» тобы.

Boysband бүгінде ресейлік композиторлармен шығармашылық қарым – қатынас орнатқан. Григорий Лепстің студиясымен бірлесе шығарған тың туынды таяуда тыңдарманға жол тартпақ.

«Біз орыс тілінде ән орындауға аса қиналған жоқпыз. Себебі кезінде  кабактарда, мейрамханаларда өлең айтқанбыз. Ол жерде көбінесе орысша әндер болатын. Сол кезден тіліміз жаттықан. Бірақ сонда да  бұл әнге дайындалу керек. Аллаға шүкір, басы жаман емес. Жақын арада орыстардан алған әніміз шығады», — дейді топ мүшесі Қайрат.

Естеріңізде болса, бұған дейін Қайрат Нұртас ағылшынша ән шырқап, қалың жұртшылықтың сынына ұшыраған еді. Ізінше Нұрболат Абдуллин орыс тілінде «Вокализ» туындысын тарту еткен, алайда тыңдарманның кереғар пікіріне ілікті.

«Пах, шіркін! Акцент ұрып тұр ғой», «Қазақша айтып жүре берші!», — деп жазған желі қолданушылары.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close