Басты жаңалықтарЖаңалықтарСараптамаларШоу бизнесӘнші

Сүйінші!Дильназ Ахмадиева алғаш рет ана атанды

Бұған дейін БАҚ өкілдерінен сәбиінің жынысын жасырын ұстауды жөн көрген әнші, ұлды болған, деп хабарлайды деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Күні кеше Дильназ Ахмадиева тұңғышын қолына алды. Салмағы 4 келіні тартқан жұлдызды бала, болашақта сұңғақ жігіт болатын секілді. Батырдың бойы 56 сантиметр. Есімі – Зейдан. Ат қоюды жас ата-ана өз жауапкершілігіне алған. Бұл шешімді үлкендер де құп көріпті.

«Жоқ, ат қоюда ешкім таласқан жоқ. Себебі баламызды бәріміз ұзақ күттік. Апаларымыз кешірер енді», — дейді Дильназ Ахмадиева.

Жас ана декреттік демалыста ұзақ отырмайтынын айтады. Ахмадиева ұлының бұғанасы қатқан бойда шығармашылығына қайта оралуға бекініп отыр.

«Мен қазір қашан жұмысқа кірісетінімді ойлап, бас қатырып жүрмін. Өйткені барлығы маған балалы болған соң үйден шықпауың керек деп жатыр. Бірақ мен үйде отыра алмайды екенмін. Қалай болар екен?! Алайда анам үйде өзің-ақ отырғың келіп тұрады дейді. Енді сабырсыз анамын ба, салмақты ма? Көреміз», — дейді Дильназ.

Ал Аша Матай әріптесінің сөзімен келіспейді. Таяуда ғана қызды болған өнер иесі, әр бала анасының қамқорлығын барынша сезіну керектігін алға тартады. Әнші  уақыты пен шыдамы жетсе, бала күтімімен бес жылға дейін отыруға әзір.

«Анда-санда жұмысымды сағынып тұратын кезеңдер болып тұрады. Бірақ қазіргі таңда бақыттан қолымды үзгім келмейді. Себебі менің бақытым — отбасым. Негізінде мені наурыздан бастап, тезірек келіңіз деп жұмыста күтіп отыр. Мүмкін сәуірде шығармын», — дейді Аша.

Кезінде шоу-бизнесті дүр сілкіндірген Аюмилік Әсел Жамақаева бүгінде ана. Әнші ару әзірге сахнаға шығуға асықпайды. Бұл бикеш үшін бала тәрбиесі басты орында.

«Қазір үйде отырмын. Мүмкін ертең Батырға дуэт жазу туралы идея келер. Білмеймін. Бәлкім Ayumi-ге оралармын. Уақыт көрсетеді. Бұл жайында нақты ештеңе айта алмаймын. Әзірге декреттік демалыстағы анамын», — дейді Әсел Жамақаева.

Жұлдыз Өмірғалидің әзірге сахнаға оралатын ойы жоқ. Күні кеше жары Айқынмен дуэт құруы жай ғана сағынышын басудың бір жолы болған сыңайлы. Анығында экс-Кешьюлік ұлы мен қызы мектеп табалдырығын аттаған соң шығармашылығын қайта қолға алмақ.

«Мен декреттің барлық қыр-сырын, балаларымның әрбір шыққан қылығын бақылап, тек керемет жақтарын сезінудемін. Ол үшін Айқынға үлкен рахмет айтамын. Себебі басқа отбасыларындағыдай мүмкіндік бола қалса гонорар табу үшін басқа қалаға ұшып жүрген жоқпын. Бәрі Айқынның арқасында. Жалғыз өзі сол жүкті арқалап жүр. Екі отбасын да бағып жатыр», — дейді Жұлдыз Өмірғали.

Ал Жұлдыз Өмірғалидің әріптесі әрі құрбысы Ақбота Сейітмағамбет болса, балаға да, жұмысқа да уақыт табуға болатынын дәлелдеуде. Әнші сахнада бой көрсетпесе де актриса ретінде бірқатар отандық сериалдарға +түсіп, киноөндіріске өз үлесін қосып жүр.

Отандық шоу-бизнестегі бейби бум мұнымен шектелмейді. Мәселен Луина жары Артеммен тұңғышын тағатсыздана күтіп жүрсе, танымал вайнер Дана Есеева таяуда бесінші сәбиін қолына алмақ. Ал актриса Әсел Қалиева жүктілік мерзімінің алтыншы айында.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close