Басты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыка

«Азия» тобының жігіттері жұлдыз ауруына шалдыққан ба?

Эстрада өкілдері сахнаға жалғыз емес, жұптаса шығуға көшті. Жұлдызды дуэттер қатарын кімдер толықтырмақ? Shownews.kz ақпараттық порталынан оқыңыз.

Соңғы уақытта Қайрат Нұртастың жеке орындаушылықтан гөрі, дуэт айтуға әуестенгені байқалады. Танымал әнші «Тартылыс күші» атты концертінде «Ирина Кайратовна» жігіттерімен бірлесе өнер көрсетіп, су жаңа тректің тұсауын кескен болатын. Ал күні кеше, хитмен інілерімен қосыла шырқаған «Аға» әнінің аудионұсқасын желіге жүктеді.

Дәл осы голографиялық шоуда, Қайрат — Садуақасовамен де дуэт айтты. Ал концертке дейін, Мәдина бірлесе жазған әнді кіммен орындайтынын  жұмбақтап, әріптесінің жүзін жасырған еді. Көп ұзамай-ақ студиядағы бейтаныс жігіттің Нұртастың ұлы екендігі белгілі болды.

Дуэт орындауда Оқапов та алдына жан салмайды. Бұған дейін Нұржан Керменбаев, Сырымтай Еңсеповпен бірлесе ән шырқаған Әли, жуырда жаңа бейнебаянын таспалауға кіріскен. Бұл жолы да сері жалғыз емес.

«Осы түсірілімге бір-ақ апта қалғанда маған жаңа идея келді. Мен осы әнге тағы бір орындаушыны шақырдым. Өкінішке орай айта алмаймын кім екенін. Оның әнді айтатын бөлігі құпия немесе тосын сый ретінде жоспарланып отыр. Сондықтан мен жалғыз кадрда болмаймын»,- дейді Әли Оқапов.

Әдетте сахналық серігін әншілерден таңдайын Әли, бұл жолы репермен жұмыс істеуді жөн көрген. Оқапов кезекті клипінде JIGGA есімді хип-хоп өкілімен өнер көрсетпек.

Әлидің інісі Мәди де ағасынан қалыспақ емес. Жақында, жас әнші KYLE RUH атты әріптесімен бірге дуэт жазды. Бүгінде су жаңа трек музыкалық платформаларға енгізілді.

Сахнада дуэт орындауда Ayree де аса тәжірбиелі. Бойжеткеннің ән қоржынында Димаш Құдайберген, Мәдина Сәдуақасова, Арай Айдарханмен бірге жазған тректері бар. Ал дәл қазір бұрымды кезекті шығармашылық жұбын таңдай алмай әлек.

«Бізде өте дарынды, өт өнерлі әншілер көп. Жастадан да, ағай-апайларымыздан да өте көп кой. Енді таңдау өте көп. Сондықтан таңдау өте көп»,- дейді AYREE.

Азия жігіттерінің дуэт жазуда талғамы жоғары. Алғашқыда «Бақай» тобымен тандем таба білген өнерпаздар енді жанкүйерлерінің ұсынысын орындауға көшкен.

«Биби деген біздің тыңдарман бізбен жұмыс жасап, дуэт жазуға ниет білдірді. Сондықтан, ортадан жақсы дүние шығарып халыққа ұсынамыз деген ойдамыз», — дейді «Азия» тобының әншісі Ербол Шарипов.

Алғашқыда елімізде түсірілмек болған бейнебаян локациясы – кейін Дубайға ауысыпты. Жоспарды күрт өзгерткен — «Азиялық» Ербол.

«Клипті Қазақстанда түсірмеу себебіміз ол – Ербол: «Дубайда түсірмесеңдер клипке түспеймін»-деді.  Сондықтан Дубайға барып түсірдік», — дейді «Азия» тобының әншісі Ренат Баситов.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close