InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрМузыкаПродюсерРепортаждарСұхбаттарСәнШоу бизнес

«Қазақ аруы – 2020» тәжі Алматылық бойжеткенге бұйырды

Күні кеше Баян Алагөзова бастаған қазылар алқасы «Қазақ аруы-2020» тәжінің иесін анықталды. Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды

«Қазақ ару» байқауына 10 жыл толды. Биыл аталған конкурсқа Қазақстанның әр өңірнен жиылған 19 бұрымды бақ сынған. Бойжеткендер ішінен 20 жаста алматылық Нарқыз Айдарованың бағы жанып, «Қазақ аруы – 2020» тәжінің иесі атанды.

Байқау шарттары: таныстыру, өнер мен сән көрсету және сұрақ-жауап бөлімдерінен тұрады. Ақылына көркі сай арулар қазылардың қатал сынынан сүрінбеуге тырысып бақты. Ал, нағыз қазақ аруы қандай болу керек?

“Конкурент өзіңе байланысты, қасыңдағы қыздардың дайындығына байланысты. Салыстырмалы түрде, өзіңнің, басқалардың жағдайына қарайсың”,- дейді актриса Гүлназ Жоланова.

Иә, Гүлназ Жоланова 2004-ші жылдың жеңімпазы. Ал, 10 жылдық мерейтойдың ерекшелігі көп. Бұл жолы әр жылдың жеңімпаздары бір сахнада бас қосып, кеш тізгінін де өз қолдарына алған.

 Қазақ аруы тарихында бағы жанып, жұлдызға айналған сылқымдар да жоқ емес. Мәселен, Ләззат Қалдыбекова мен Гүлназ Жоланова гран-при ғана алып шектелмей, өздерін шоу-бизнестің басқа салаларында да көрсете білді.

“Бұл әрине әркімнің бағына байланысты. Біріншіден ниет қой. Екіншіден, мен қатысқан кезде Баян Мақсатқызының ұсынысымен сериал түсірдік. Ары-қарай бірінен кейін бірі ұсыныстар түсті. Менімше, керек уақытта керек”,- дейді Гүлназ Жоланова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close