Басты жаңалықтарЖаңалықтарСараптамаларШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Өз үйінде қызын қырқынан шығарған Аша Матай ата-енесін неге шақырмады?

Арман мен Ашаның отбасылық қарым-қатынасына оқырмандары қатты алаңдаулы, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Отандық шоу-бизнестегі ең танымал жанұяға қатысты мұндай қауесеттің тарауына себеп те жоқ емес. Жұлдызды жұп екінші қызы Айымның қырқынан шығару рәсімін Қоңырбаевтар әулетінде емес, нағашыларының үйінде өткізген көрінеді. Мұны көзіқарақты көрермен Матайдың инстаграмдағы соңғы жазбаларынан байқаса керек…

«Қырқынан шығару неге Арманның үйінде өтпейді? Не атаенесі, не қайын әпкесі жоқ? Бәрі Ашаның туыстары», «Қайын әпкесі жазды ғой, шақырмады деп»,  «Аша үнемі өз үйінен шықпайды екен. Қырқынан шығаруды Аша өз үйінде өткізген», — деді ғаламтор тұтынушылары.

Бұл Аша мен Арманның әлеуметтік желідегі әр қадамын жіті назарда ұстайтын интернеттегі елдің пікірі. Ал, жақында ғана бөпелі болған Байырбекова бөбекті қырқынан шығаруда ұстанатын қағидаларды жақсы білгенімен, аталған рәсімнің нағашы жұртта өткенін құп көрмейтін секілді. «Менің білуімше, мен білетін сәбилердің барлығы өз үйінен қырқынан шығады. Ал, басқа бір ұлттардан менің естігенім, қыздың анасының үйінде болып, кейін шығарып алып келеді екен», — дейді Жазира Байырбекова.

Қандай да бір тақырып талқыға түссе, түрлі пікірлердің туындауы заңдылық! Мәселен, әнші Інжудің болжамы тым басқа!

«Кей келіндер ата-енесінің қолында жағдай болмаған жағдайда өзінің ата-анасының қолынан, сол жердер қырық күнін шығарып жатады. Ол сол әулеттің, сол отбасының шешіміне байланысты жасалатын дүние деп ойлаймын», — дейді әнші Інжу.

Шв: Аша хэнпати

Аша соңғы кездері белсенділігі анық байқалады. Жақында жеңгесі Жарқынай Ханайымның қызойнағында көзге түскен Арманның келіншегі, уақытша кіші қызын ата-анасына сеніп тапсырғанын айтқан-ды!

«Қазір Айым ата-әжесімен қалды және бала күтушісі бар. Сол кісілермен қалды. Бірақ уайым деген әлі де бар. Келгенше төрт рет хабарластым. Қалай болып жатыр, не болып жатыр, оянған жоқ па, жылаған жоқ па дегендей. Бірақ, шүкір. Бәрі жақсы!»деді Аша Матай.

Бірақ, кейінгі кездері Ашаның қасында Қоңырбаев көрінбейді. Күні кеше Мақпал Исабекованың меншікті мерекесіне де Матай жалғыз барған.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close