Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСараптамаларШоу бизнесӘнші

Димаш пен Қайраттың жанкүйерлері желіні тағы да дүрліктірді

Отандық шоу-бизнес өкілдері де қос қазақ баласының вокалдық қабілетін талқыға салуда, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Нұртастың ұлы он жылдан астам уақыт қазақ эстрадасының королі саналып, қалың жұртшылықтың ыстық ықыласына малынғаны жасырын емес. Алайда көп ұзамай Димаш Құдайберген сахнаға қадам басып,  әлемдік аренаны бағындырғалы, Қайраттың хейтерлері көбейген. Анасы ұлының концертіне шақырып, желіде шығармашылық жаңалығымен бөлісе қалса, КН командасына бірден осы тектес пікірлер бағытталады.

«Концертке барғымыз келмейді. Димашты көп тыңдаймыз. Ренжімеңіз, Димашқа жетпейді», — деп жазған желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың парақшасында.

Мұндай жағымсыз сөздерге Айдарбекованың жауабы әркез дайын. Осы орайда кәсіби мамандар мен сазгерлер, әзілкештер мен отандық шоу-бизнес өкілдері арасында сауалнама жүргізіп, қос әншіге қатысты ойларын біліп көрген едік.

«Димаштың елімізге істеп жатқан еңбегі өте мол. Қазақстан деген атты, домбыраны, барлық жерге танытып жүр. Меніңше, ондай әлемдік деңгейге шығу — ол нағыз  кәсібиліктің көрінісі», — дейді актер Мейірхан Шерниязов.

«Қайрат Нұртасты жақсы көремін, себебі тәжірибесі мол, жанды дауыста жақсы айтатын, музыкалық талғамы жоғары, әнді жүрекпен орындайтын ағамыз», — дейді әнші Ayree.

Бүгінде жігіттердің даусын, стилін, тіпті ән кешін салыстыру тыңдарман тарапынан толастар емес. Көпшіліктің пікірінше, Димаш Қайратты шетке ысырған. Тіпті әлеуметтік желіде қос өнер иесінің командасы қандай жаңалық жарияламасын, жұрт екіге бөлінуді әдетке айналдырған. Одан бөлек қос қазақ баласының вокалдық деңгейін де жиі талқыға салады.

«Вокалдық қабілет деген өзінің репертуары жоқ, бірақ өте биік ноталарды, октаваларды алатын әншілерді біз вокалы жоғары әнші деп айтамыз. Менің ойымша, Қайраттың өз стиліне өз вокалы жетеді. Димаштыкі де өз деңгейіне, өз даусы жетеді. Сондықтан вокалды стандарт ретінде қарастыру дұрыс емес деп ойлаймын», — дейді композитор Бауыржан Есебаев.

Ал Жеңіс Ысқақова Қайратты да қараламайды, Димашты да жақсы көреді. Дей тұрғанымен, әнші кәсіби маман ретінде көзқарасын білдіруден тартынбады.

«Эстрадада Димаштың дауысындай, дауысты бәріне бірдей беру мүмкін емес, ол мың жылда бір келетін бала. Ондай дауыс иесі болу мүмкін емес. Өйткені ол сондай дарын иесі», — дейді Жеңіс Ысқақова.

Иә, десе де, Димаштың да, Қайраттың да шығармашылығы тоқтап қалмақ емес. Бірі әлем бойынша турға аттанса, енді бірі өз елінде ерекше кеш берудің қамына кіріскен.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close