Басты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Әли Оқапов 8 жыл бойы жасырған құпиясын ашты

8 жыл бойы продюсері Ерлан Әлімовпен жұмыс істеген Әли Оқапов, қандай қателіктерге бой алдырғанын ашық айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Оқапов хейтерлардың құрығына ілінуге дайын! Халық әртісінің ұлы дәл қазір су жаңа клиптің түсірілімінде. Ол q-pop бағытында ән шырқап, жасөспірімдер аудиториясын қамтуды көздеп жүр. Алайда, бұл таңдауын өнер иесінің досы Дидар құптамайды. Тіпті, жаны ашыған Каденов Әлиге ескерту де жасапты.
«Бейнебаянның идеясын естіген кезде тіпті, таңғалдым. Клипке түсіп жатқан көбінесе жастар, колледж студенттері. Мен айтамын араларында шал боп не істеп жүрсің деймін. Мүмкін, Әлидің көңілі жас шығар. Кішкене тыңдарманының ортасын көбейту үшін жасалып жатқан дүние шығар шынымен. Көбінесе сын оның жасына айтылатын шығар», — деді Дидар Каденов.
Иә, орда бұзар жасқа тақағанда Әлидің өзгеше образға енуі тыңдармандар үшін күтпеген жаңалық болмақ. Оны әншінің өзі де жоққа шығармайды. Әу баста сыни пікірлер жазылатынын білген Оқапов енді қорғанудың жолын іздеп әлек.
«Кішігірім шу болуы да әбден мүмкін. Өйткені, «Бұзық» әніне дейін менің сахнадағы бейнемді тыңдармандарым білетін шығар. Мінсіз, тәрбиелі, қарапайым бәрі жақсы дегендей… Сондай бір өте ашық және де биік сезімдер туралы айтатын Әлидің басқа бір қыр-сырын көрсетпекшіміз. Сынауы да мүмкін. Түсінбеуі де мүмкін. Бірақ ол да мен үшін өнер. Мен оған дайынмын», — деді Әли.
Таяуда Оқапов экс-директоры Әлімовпен жұмысын тоқтатқанын ресми түрде хабарлаған еді. Енді ізін суытпай тың форматта бейнебаян түсіріп, шығармашылығына да өзгеріс әкелген. Себебі, кезінде Ерланмен әріптестік орнатқан уақытта бір сарынды ән мен клиптен Әлидің жалыққаны байқалады.
«Менің шығармашылығымда, менің образымда бір жаңашылдық керек екендігіне менің көзім жетті. Өйткені осыған дейін, 8 жыл бойы бір қалыпты болған Әлидің өзгергені таңғалдыратын сияқты», -деді Оқапов.
Ерланнан кеткелі түсірілім алаңында Әлиді қолдаушылардың қарасы көп. Оқаповтың туған інісі Мәди де ағасына жәрдемдесіп, інілік міндетін атқарып жүр.
«Менің бұл жердегі рөлім іні, қолдау және барып кел, шауып кел деген сұрақтарға мен жауап беремін. Көмек керек болып жатса, әрқашанда ұшып келемін. Енді барып кел шауып кел дегендер осындай кішкентай сұрақтар», — дейді Мәди Рымбаев.
Әлидің кезекті клипіне «Бұзық» әні таңдалған. Екі ғашықтың махаббат хикаясын суреттейтін бейнебаяндаОқаповтың ғашын актриса Бибігүл Ақтан сомдайды. Тың форматағы туынды келер айдың соңында көрермен назарына ұсынылмақ.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close