k-popБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаРепортаждарШоу бизнесӘнші

«Тойдан бас тартпаймын!» Q-pop өкілі Малика Yes тың мәлімдеме жасады

Әнші Малика Yesтің айтары бар. Өнер иесі 2020 жылға құрған жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Соңғы кезде отандық әншілер арасында шекара асып, шетелдік  орындаушылармен дуэт құру сәнге айналғандай. Мәселен Димаш Лара Фабиан, Кристина Орбакайте сынды әлем жұлдыздарымен ән шырқаса, Бүркіт Наташа Королевамен дуэт құрды. Сондай-ақ, Украина даусында биыл үш бірдей қазақстандық өнер көрсетсе, ендігі эстафетаны Малика Yes қабылдап алған секілді.

«Мен Бритни Спирспен ән айтқым келеді. Ол менің бала кезден бергі кумирім. Оның әндерін тыңдап өстік, тіпті билеп үйрендік десем де болады»,  — дейді әнші.

Әншіге кумирімен  бір сахнада өнер көрсету бұйырмаса да, Малика Бритниге барынша ұқсап бағуда. Бір қарағанда қос бұрымдының сахналық стилі мен шаш үлгісінде үйлесімділік бар көрінеді. Сылқым әйгілі Спирстен бөлек тағы бірқатар шетелдік орындаушылармен шығармашылық тандем құруды қалайды. Бұл тізімде талантты әнші әрі құрдасы Ариана Гранде де бар.

Алғашқыда q-pop өкілдерінің қатарын толықтырған ару, қазіргі таңда  ұстанымын өзгерткен сыңайлы. Бұл сылқым ән әлемінде бір бағытты ұстанған әріптестерінің санасындағы стереотипті бұзбақшы.

«Мен тойға шығуға оң қабақпен қараймын. Еш қарсылығым жоқ. Егер менің тыңдарманым, сіз менің сүйікті әншімсіз, өзімнің қуанышты күнімде көргім келеді десе, ешқашан бас тартпаймын. Себебі көрерменді өкпелетуге болмайды», — дейді Малика.

2020 жыл Малика үшін нағыз шығармашылық науқан. Ару өзге әншілер  сынды шетелге шығып, сэлфилеткеннен гөрі бар ынтасын өнеріне арнауды жөн санайды.

«Қазіргі таңда камбэкке, жаңа әндерге, бейнебаянға дайындық үстіндемін. Менің демалысым осы жұмысым», — дейді q-pop өкілі.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close