Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрПродюсерСараптамаларСұхбаттарШоу бизнес

Баян Алагөзованың «Я пышка» фильмі сынға ілікті

Азулы продюсердің кезекті туындысын қырағы көрермен шетелдік фильмнің көшірмесі деп айыптады. Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

«Я пышка» кинокомедиясының түсірілім жұмыстарын аяқтаған Баян Мақсатқызы, бүгінде фильмді үлкен экранға даярлау үстінде. Алайда таяуда  жеке парақшасында аталмыш картинаның трейлерін жариялап, сүйінші сұраған Алагөзова, оқырмандарының басым бөлігінен оң пікір ала алмады. Жарыққа шықпай тұрып, қатаң сынға ұшырап үлгерген картинаны, көпшілік шетелдік фильмдердің көшірмесіне балап отыр.

 «Сюжеті «Дьявол носит Прада» фильміне ұқсайды екен», «Красотка на всю голову» америкалық кинкомедияның көшірмесі ғой», — деп жазды желі қолданушылары.

«Біздің халық сондай аңғал. Егер олар кадрдағы толық қызды көздері шалса болды, фильмді көрмей, сценарийді білмей жатып, оны плагиат деп ойлайды. Саналарында тек американдықтар немесе орыстар ғана толық әйелді түсіре алады деген ой қалыптасып қалған», — дейді Баян Мақсатқызы.

Толық қыздардың тағдыры баяндалатын фильмнің басты рөлі үшін Баян жариялаған кастингке қатысып, бағын сынап көрген артық салмақты арулар да аз болмаған. Нәтижесінде ақтөбелік ару Назерке Назарова топ жарып, экран арқылы томпақ бойжеткендердің бойына сенім ұялатуды мақсат етіп отыр.

«Біздің толық қыздар өмірде көбінесе өз дене бітімін көрсетуге ұялады ғой. Сол томпақ арулардың атынан мен шығайын деп тұрмын», — деді Назерке Назарова.

«Осы күнге дейін қазақ киноөндірісінде ешкім толық қыздар жайлы фильм түсіріп көрген емес. Сондықтан плагиат деп жазады. Шындығына келгенде, бұл картинада американдық, кәріс, орыс фильмдерінің сценарийлері жоқ. Бұл кәдімгі томпақ қазақ қызының тарихы. Ешқандай көшірме емес», — деді продюсер.

Биылғы жылдың табысты кинопродюсері атанған Қоянбаев та халықтың пікіріне қосылады. Кейінгі кезде шетелдік туындылардың сюжетіне ұқсас отандық фильмдерді ол жиі байқап жүр. Нұрлан мырза әріптестерінің көшірмеге қатты әуестеніп кетпеуін сұрайды. Себебі мұндай картиналар қазақстандық киноға енді бет бұрған көрермен санын ортайтып ала ма деп қорқады.

«Бізде көшірме кинолар көп кезедседі. Қателеспесем, үш-төрт картинаны көрдім. Бірақ әріптестерімді сынап, атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Тіпті кейбір продюсерлер болады. Таза шетелдік идеяны алады да, қазақ актерларымен түсіре салатын. Ол дұрыс емес», дейді Нұрлан Қоянбаев.

Ал Алагөзованың шоу-бизнестегі күйеу баласы плагиатқа оң қабақпен қарайды. Дәурен Айдарқұлов бұрын-соңды көрермен назарына ұсынылған фильмдерді қайта жаңғыртып,  сауатты көшірме жасауды шеберлікке балайды.

«Шетелдік киноның идеясын алып, басқаша көрсету — ол өнер. Сол себепті барлығын плагиат деп айта алмаймыз. Ремейк деген стиль бар.  Бұрында жазылған сценарий негізінде, басқа актерлармен жаңаша ұсыну», — дейді Дәурен Айдарқұлов.

Сынға іліккен Алагөзованың кезекті кинотуындысында Тәуекел Мүслім, Қарлығаш Мұхамеджанова, Жәния Джуринская сынды актерлар төбе көрсетеді. Аталмыш фильмнің тұсаукесері келер айдың соңына жоспарланып отыр.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close