InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Динара Сұлтан алтыншы мәрте ана атанды

Динара Сұлтан ұлды болды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Әнші Динара Сұлтан ақпан айының 16 жұлдызында маңдайы торсықтай атұстарды дүниеге әкелді. Осы күнге дейін үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған өнер иесі, жағымды жаңалығымен әлеуметтік желідегі жұртпен бөлісіп, арнайы пост жариялаған.

«Адамнан адам шығу оңай емес. Қош келдің, ұлым! Алла Ұлық», – деп жазды Instagram парақшасында.

Жас ананың қуанышына Тоқтар мен Бейбіт, Айнұр Тұрсынбаева, Жазира Байырбекова, Маржан Арапбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Мөлдір Әуелбекова сынды өнердегі әріптестері ортақтасып, оқырмандары ақ тілектерін арнады.

Иә, жыл басынан бірқатар өнер өкілдерінің шаңырағы бір жанға толығып, шілдехана, бесік той аталып өткені бар. Десе де Динара Сұлтан отандық шоу-бизнестегі көп балалы аналар көшін бастап тұрғаны анық.

Естеріңізге сала кетейік, әнші қалың көпшілікке алғаш рет «SuperStarkz» республикалық конкурсы арқылы танылып, кейін Қазақстанның «China Town» қыздар ұжымында ән шырқаған. 2009 жылдан бері Динара Сұлтан атымен жеке орындаушы ретінде өнер көрсетіп келеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close