Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзив

«30-ға жетейін деп қалаған жігіт сияқтымын!» Айқын туған күнінде ел күтпеген мәлімдеме жасады

Айқын отандық шоу-бизнес өкілдерінің басын қосып, туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Айқын меншікті мерекесін отандық шоу-бизнес өкілдерімен дүркіретіп атап өтті. Он жыл ішінде Төлепбергеннің өмірінде түрлі өзгерістер орын алған. Алайда, екі рет шаңырақ көтеріп төрт баланың әкесі атанамын деген әншінің түсінеде кіріп шықпаған. 38 жасқа қадам басса да туған күн иесі өзін әлі жиырмадағы жігіттей сезінеді.
«28-дегі Айқынға 38-де осындай боласың десе, сенбес едім. Қазір де сол 28-ба, 30-ға жетейін деп қалаған жігіт сияқтымын. Тек қана енді айнаға қарағанда білесің 38-де екеніңді. Және де жасаған жұмысыңа қарағанда, төрт баланың әкесі болғаныма қарап білемін 38-де екенімді. Былайынша білінбейді», – деді Айқын.
Әдетте жанұялық кештерге арнайы киім тіктіріп шығындалатын Жұлдыз, бұл жолы әуре-сарсанға түспепті. Себебі, Айқынның жас келіншегі жарының тапқан табысын оңды-солды шашуды жөн көрмеген.
«Мысалға мен бірталай киімдерді аламын. Сонымен қатар, арзан емес. Бір рет киесің де, одан кейін тасталынады. Екінші рет кисен түрлі сұрақтар қойылады. Жалпы оған қарамастан кие берем деген оймен осы көйлегімді бүгінгі кешке таңдадым. Мен өз жағымнан Айқынды артық шығынға батырғым келмеді. Табыс табатын ол кісі. Сондықтан, мен артық киім алдырмаймын», – деді Жұлдыз Өмірғали.
Иә, қымбат мейрамхана, жайылған ақ дастархан, безендірілген сахна және кешті көңілді өткізген шоумен! Дәл осылай жұлдызды пати ұйымдастыру қып-қызыл шығын екен әртістер де жақсы біледі. Сондықтан болар, шақырылған қонақтар Төлепбергенге деген тартуын қаржылай табыстауды дұрыс деп санаған.
«Құрдасыма шыны керек, ештеңе әкеле алмадым. Мүлдем уақыт болған жоқ. Астанадан келдім де бірден осында шыға салдым», – деді Ринат Баситов.
«Енді ол сыйлықты бар ғой іздеп, ойланған жоқпыз. Ақшалай ғой тынышы. Жұмыстан келдік, тікелей шығып кеттік қой осы жерге», – деді Қайрат Әділгерей.
«Сыйлық алып үлгерген жоқпыз. Бірақ ақшалай сыйлық береміз», – деді Серік Ибрагимов.
Айдарқұловта Төлепбергеннің қуанышын бөлісуге келген. Бұл кеште Айқын мен Дәуреннің шоу-бизнестегі енесі бой көрсетпеді. Бірақ, бұл екеуін байланыстырған KeshYou-дің қыздары емес, «квн» сахнасы.
«Айқынмен кезінде Атакентте өзінің өнерін енді бастап жатқан кезде танысқанбыз. Ол да «квн» ойнайтын. 2000-шы жылдардан бастап «квн» ойнап келе жатырмыз ғой. Ол Политехтың атынан ойнаған. Сол кезден бері араласып келе жатқан достармыз», – деді Айдарқұлов.
Бәрін айт та бірін айт! Кештің ең маңызды қонағы Айқынның тұңғышы Аңсар! Төлепберген қайда жүрседе алғашқы некесінен туған із басарын қасынан қалдырмайды.
«Биыл енді бірінші рет осындай туған күнде ұлым болады. Бәрі маңызды ғой. Әр қонақ маңызды», – деді Төлепберген.
«Әке, туған күніңмен құттықтаймын! Бақытты бол. Ауырма. Денсаулығың мықты болсын. Біз сені жақсы көреміз», -деді Айқынның ұлы Аңсар.
Бұл кеште Айқын тек туған күнін тойлаған жоқ. Көктемде тұсауы кесілетін дебюттық фильмінің саундтрекі мен трейлерін көпшілік назарына ұсынды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close