Q-popБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаПродюсерТұсаукесерШоу бизнесӘнші

Ерболат Беделхан Q-pop өкілдеріне арналған мобильді қосымшаны іске қосты

Күні кеше Ерболат Беделхан мен Жан Мұқанов жаңа жобаның тұсауын кесті. Қос продюсердің бұл бастамасын отандық орындаушылар қалай қабылдады?Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Күні кеше отандық қос продюсер Ерболат Беделхан мен Жан Мұқанов  бірлескен тың жобаларының тұсауын кесті. Бірқатар шоу-бизнес өкілдері бой көрсеткен іс-шарада QOS play мобильді қосымшасы мен медиатұлғаларға арналған су жаңа Q-Agency қызметі кеңінен таныстырылды.

Бұл жаңа құрылғының пайда болғанына кюпоп өкілдері дән риза. Себебі елімізде дәл осы жанрдың іргетасын қалап, 91 тобын қазақ сахнасына бірден таныта білген Ерболат Беделхан, аталмыш қосымшаның еліміздегі қазақтың поп өндірісін кеңінен дамыту мақсатында іске қосылғанын алға тартты.

«Қайырлы кеш, келгендеріңізге рахмет!  Біздегі q-pop әлемінде орын алып жаңалықтарды, БАҚ өкілдері, тұтынушылар болсын ресми түрде ала алмайды», — дейді Ерболат Беделхан.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қосылған жүйе, тек кюпоп субмәдениетін дамыту емес, өзге де орындаушылардың шығармашылығын шыңдауға қызмет етеді.  IOS және Android платформасының негізінде құрылған QOS мобильді қосымшасының тұтынушылары қазақ поп музыкасы мен шоу-бизнесіндегі соңғы жаңалықтарынан үнемі хабардар бола алады.

Сондай-ақ,  Жан Мұқанов Q-Agency атты тың  қызметтің нарыққа қосылғанымен құттықтады. Азулы продюсер аталмыш жүйенің Қазақстаннан бөлек, өзге де елдерде кеңінен таралатынына сенімді.

«Q-Agency бұл медиатұлғаларға арналған арнайы қызмет. Біз тұтынушылар мен жаңа жобаларды іздеумен айналысамыз. Бұл тек Қазақстанда номері бірінші платформа емес, сондай-ақ постсоветтік нарықта да өз орнын алатынына сенемін», — дейді Жан Мұқанов.

Сондай-ақ күні кеше іске қосылған қосымшаның құрастырушылары кемшін тұстарын байқаған тұтынушылардың тілегі мен түзету туралы ұсыныстарын да назардан тыс қалдырмақ емес.

«Қандай да бір шағымдарыңыз, өзгертулер жөнінде ойларыңыз болса жазыңыздар. Біз сол пікірлерге байланысты ыңғайлы қыламыз. Қазақша ма, орысша ма? Сіз қай тілде қаласаңыз, сол тілде болады», — дейді Ерболат Беделхан.

Аталмыш мобильді құрылғының тағы бір ұнамды тұсы — әр отандық орындаушының жеке профайлына кіруге мүмкіндік бар. Мәселен, Мәди Рымбаев дәл осы тектес мобильді қосымшаларда жеке мұқабасымен әндер жинағының шығуын көптен бері армандапты.

«Біздің жеке мобильді қосымшамыздың болғаны әлбетте плюс. Осылай-осылай жаңа платформаларда, жаңа әртістер, жаңа есімдер шығып, ол жүйе арқылы елге шығармашылығыңды көрсетуге болады деп ойлаймын. Сол жағынан өте пайдалы», — дейді Мәди Рымбаев.

Сондай-ақ тың қосымшаның тұтынушылары жарнама мен афишаларды да көре алады. QOS арқылы түрлі кештер мен концерттерге онлайн билет алуға да жағдай жасалған.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close