«Сізден мұндайды күтпедік!» Сәдуақасова сексуалды суреттеріне пікір білдірді
Жұлдыздардың әр қадамы жұрт назарында! Ашық образдарымен сынға іліккен Мәдина Сәдуақасова көпшіліктің сынына жауап берді, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.
Мәдина Сәдуақасова ашық образдарымен түскен фотосессиясын әлеуметтік желіге жүктеп, көптің көңілін аударуды жиі қайталап жүр. Әншінің дәл осындай суреттеріне көзі үйренбеген оқырмандары жағымсыз пікірлерін жолдап, тіпті бикештің өнерін де сынға алуда
«Менің өзімнің шығармашылығыма қалай болғанда да түрлі пікірлер болады. Біреуі «уау» десе, біреуі «дизлайк» дейді. Біреуі таңғалдырып «мінекей, сізден осыны баяғадан күткен едім десе, енді бірі мен мүлдем бұны күтпеген едім» деген сөздер айтылады әртүрлі», – дейді Мәдина Сәдуақасова.
Айқынның да жеке өмірі қарапайым халық үшін өзекті мәселе. Себебі, бірінші отбасындағы ұл-қызын әкесіз қалдырды деп, әлі күнге дейін Жұлдызды жерден алып жерге салады көпшілік. Төлепберген де мұны жоққа шығармайды. Әлеуметтік желідегілердің жағымсыз пікірлерінен шаршаған ол хейтерлерден тез құтылудың тәсілін тапқан.
«Хейтерлар қазір көп емес. Арасында бір хейтерлар шыққанда блогқа жіберіп қоясың болды», – дейді Айқын.
Атышулы Байзақованы бейнебаянға түсіріп, хайп жасаған Alem Band тобына да жолданған кереғар жазбалар қатары көп. Жігіттердің танымалдылығын арттыру мақсатында жасаған пиар қадамын жақтыртпаған жұрт олардың ата-анасын айыптауда.
«Мыналарды өсірген адам өкініп отырған шығар деген сияқты әңгімелер айтады. Бірақ, Аллаға шүкір ол кісілер өкініп отырған жоқ. Сенімдерін ақтап жатырмыз деген ойдамыз. Ең басты айтарамыз көрермендерге байқамай сөйлеген, аңдамай өледі дейді ғой. Өтініп сұрайтынымыз сахнада тұратын, әнді айтатын, бейнебаянға түсетін, концертке шығатын ол біздің ата-анамыз емес. Ол кісілер үйде отырып біздің тілеуімізді тілеп отырғаннан басқа ештеңе жасай алмайды. Сондықтан бізге қанша тіл тигізсеңіздер де үйдегі ақ жаулықта анамыз бен әкемізге тіл тигізбеулеріңізді сұраймыз шын жүректен», – дейді Alem Band тобы.
Жиі сынға ілігетіндер қатарында Рензолықтар да бар. Бұл жігіттер де ғаламторда жағымсыз пікірлерден көз ашпайды. Жаңашылдыққа жаны құмар серілердің бұндай жазбаларға еті үйренген. Себебі, бұл бойзбенд қазнетте бар ашуын төгіп, анайы сөз жолдайтындардың психикалық ауытқуы бар деп пайымдауда.
«Әрине, кешіріңдер хейтерлар, пікір жазатын адамдар. Сондай адамдар өмірде түкке қолы жетпеген адамдар сияқты әңгіменің ашығы. Олар үйде отырады да бүйткен, сүйткен деп жаза береді. Өмірде түкке қолы жетпеген, сосын мүлде өмірге деген көзқарасы, түсінігі жоқ сияқты кешіріңдер, әрине. Сондықтан кітап оқыңдай сондай адамдар», – дейді Renzo тобы.
Отандық шоу-бизнес өкілдері халық алдында жүрген соң, түрлі пікірлер туындауын заңдылық деп топшылайды. Алайда, артық сөз жазып, шектен шыққандарды заң жүзінде жазалауға қарсы емес.