Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Ayree мен Димашты не байланыстырады?

Димаштың танымалдылығына әнші Ayree қандай үлес қосты? Әлем таныған қазақ баласының кешегі мен бүгінгі болмысы өзгерген бе? Ayree Құдайбергеннің жолын қумақ па? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Димаш елде жүргенде әріптестерімен жиі сырласып, үнемі тығыз қарым-қатынаста еді.  Қаласа дуэт те орындайтын. Бүгінде әлемдік әншіге айналған Құдайбергенмен шығармашылық байланыс орнатып үлгергеніне Ayree дән риза.

«Димаш «I am singer» жобасына қатыспай тұрып, менімен «Жұлдызым» деген әнге дуэт айтты. Үлкен концерттің бірінде сол туындыны екеуміз шырқадық», – дейді Ayree.

Қазіргі таңда әлем таныған қазақ баласы қол жетпес орындаушыға айналды. Жұмысы тығыз кестеге түзілген Димашпен Ayree тек әлеуметтік желі арқылы тілдесіп жүр. Алайда  әңгімелері қал-жағдай сұрасумен ғана шектелетін көрінеді.

«Димашта қазір тур, уақыты жоқ. Ол әлемдік деңгейдегі қол жетпес әнші. Арасында Insatgram-да дайректте сөйлесеміз, амандасып, концерттерің сәтті өтсін дегендей бір-бірімізге жазып отырамыз», – дейді әнші.

Иә, Ayree  Қазақстанда өткен вокалдық конкурстарда бағын сынап көрді. Сондай-ақ, «Славян базары» байқауында ел намысын қорғаса, Индонезиядағы ән додасында да өнер көрсетті. Әнші мұнымен шектелмек емес. Бүгінгі күні өзге сайыстарда топ жаруды көздеп жүр.

«Қазір байқауларды іздестірудемін. Қандай да бір қызықты конкурс болса қатысамын. Мен негізі оркестрмен ән орындағанды жақсы көремін», – дейді өнер иесі.

Ayree әмбебап әртіс. Өнер иесіне әншілік аздық еткен болу керек, қазіргі таңда бикеш ұстаздыққа бет бұрып, шәкірт тәрбиелеу ісіне білек сыбана кіріскен.

«Бір ай болды жұмыс жасағаныма. Өзіме ұнап жатыр. Қазір сабақ кестем де толып кетті. Ayree болғаныма төрт жыл. Әлемдік сахнада өнер көрсеттім, халықаралық  конкурстарға қатыстым. Сондықтан мұғалім болу үшін менің тәжірибем жақсы деп ойлаймын», – дейді ару.

Бүгінде отандық өнер иелері тойды табыс көзіне айналдырғаны жасырын емес. Мәселен Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Ернар Айдарлар халықтың қазынасынан қалтасын қалыңдатып жүр. Ал шоу-бизнесте ұстанымы бөлек Ayree, тойсыз да сұранысты арттырудың жолын тапқанын айтады.

«Біз тойға шықпасақ та, үлкен сахнада, концерттерден гонорар аламыз. Мені де негізі тойға шақырады, бірақ стилистика бойынша. Мысалы жастар», – дейді Ayree.

Әншінің 2020 жылға құрған жоспары көп. Енді халық Ayree сынды өнерпаздардың да әніне билеуге мүмкіндік алады. Биыл бикеш репертуарына ырғақты әндер топтамасын еңгізуге бел буған. Тың трек тез таралу үшін  бейнебаян таспалауды да естен шығармақ емес.

«Жай сарындағы әндер емес, билегенге ыңғайлы, сондай бір стильдегі әндер жазамыз», – дейді әнші.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close