Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзив

Ешкім-ешкімге мұқтаж емес! Керменбаев Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірді

Керменбаев кезінде келісімшарт жасап, кейін шығармашылық байланыс орнатуда салғырттық танытқан Қайрат Нұртасты әшкереледі деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Таяуда ғана су жаңа бейнебаянның тұсауын кескен Керменбаев жас өнерпаздардың жұлдызын жақпақ! «Боран» деп аталатын жаңа туынды да Russ Mendy есімді жігітпен дуэт құрып, шығармашылық байланыс ортанқан. Аталмыш клипте қос ғашықтың махаббат оқиғасы баяндалады.
Соңғы уақытта жас орындаушылар арасында Қара баламен қосыла ән шырқауды қалайтындардың қарасы көп. Талантты қыз-жігіттердің ұсынысынан Нұржан да бас тартпауға тырысады. Өйткені, өзі де кезінде әріптестерінің қолдауына зәру болған. Бірақ, бұл өнерпаздың бетін қайтарғандар көп болыпты.
«Мен негізі көбінесе жастардың бетін қайтармауға тырысамын. Себебі, кезінде маған бір рет бір кісі келісімін бермеген. Содан кейін өзім көңіліме қатты алып қалдым. Және де ол нәрсені өзім үшін уәде еткенмін. Біреу маған дуэт жазайық десе жоқ демеймін», — деді Керменбаев.
Қайрат Нұртас та Керменбаевпен дуэт құру жайлы келісімшарт жасап, кейін хитмен шығармашылық байланыс ортануда салғырттық танытқан көрінеді.
«Қайрат Нұртаспен де дуэт жазамыз деген ойда болған. Дуэт емес тіпті біз трио жазамыз деп те ойладық. Біз студияда кездестік, кезіктік. Әнді қарастырдық. Әннің сол кезде сөзі ұнамады да одан кейін, аранжировкасын ауыстырамыз дедік . Сол күйі қалды ғой», — деді Нұржан.
Студиядағы кездесуден кейін, әріптестердің идеясы аяқсыз қалған. Қазір енді Қара бала Қайратпен қосыла ән шырқауды қаламайды. Өйткені, Нұртастан Керменбаевтың аудиториясы кем емес.
«Қайрат өз жолы, мен өз жолым деген сияқты. Ешкім ешкімге мұқтаж емес. Қайратты тыңдайтын көрермендер мені де тыңдайды», деді Qara Bala.
Керменбаев өзгелермен дуэт құруда рекорд орнатқанымен «Арнау» ұжымында тоқырау. Жеке шығармашылыққа белсене кіріскен Нұржан мен Салтанат топтың жұмысын мүлдем естен шығарған сыңайлы.
«Арнау» кішігірім әлсіз болып қалып жатыр. Бірақ «Арнау» тобы жабылған жоқ. Арнау тобы әлі де бар. Жоғалып кеткенімізді өзімізде біліп отырмыз, сезіп отырмыз. Сол үшінде осы көктем айларында бір бейнебан түсіріп жазға дейін бір мүмкін тұсау кесер жасаймыз деген жоспарда бар», -деді Нұржан.
Салтанатпен сахнаға жиі шықпаса да Керменбаевтың жастарды қолдауда белсенділігі байқалады. Оралдық жігіт Әділмен жазған дуэті сәтті шыққанын түсінсе керек, енді Қара бала жас өрендердің ортасын қамтуға кірісті.
«Уақыт өте алға жылжимыз. Жастар қазір немен сусындалып жатыр. Сондықтан оларға да сондай береріміз бар екен көрсеткіміз келеді. Және де ол жағынан осалдық танытпаймыз. Ол да біздің қолымыздан келеді», — деді Керменбаев.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close