Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

2020 жылы «Опмай-опмай» орындаушыларын тақтан кім тайдырмақ?

Өзге өнерпазбен бірге ән шырқап, жеке шығармашылығына табыс әкелген дуэттердің тізімі анықталды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

«В сердце» әні Керменбаевтың шығармашылығына сәттілік әкелген.  Себебі, «Жыл таңдауы» ұлттық музыкалық жобасында жүзден жүйрік шығып, үздіктерге табысталатын  мүсіншеге ие болған еді.  Әділ есімді оралдық өнерпазбен дуэт құрған Қара балаға бұл тандем шабыт сыйлаған секілді.

«Жақында тағы бір дуэт болып қалуы мүмкін.  Квартет те құруым әбден мүмкін. Негізі Әділ екеуміз жалғастырамыз деп шештік. Мүмкін, кішігірім құрамды өзгертеміз расымен.  Мүмкін, бір бала қосылады  немесе екі жігіт.  Әйтеуір Алланың қалауымен көреміз, бұйырғаны болады. Бірақ тағы бір керемет дүние күтіңіздер міндетті түрде. Тағыда жаңа туындылар жасаймыз бұйыртса», — деді Нұржан.

Ал, Гамза-заде 2019-да Меденовмен дуэт құрып, үздіктер тізіміне іліккенімен, биыл өзге орындаушымен  қосыла ән шырқауды көздейді. Енді Серік Айдананы қойып,  отандық шоу-бизнестегі ең танымал орындаушымен бірлесіп жұмыс жасауға бекінген.

«Міндетті түрде дуэт болады. Әзірге бір адаммен келісім жүргізіп жатырмыз. Кім екенін атпай-ақ қояйын.  Ол ер адам. Біздің Қазақстанымызға өте белгілі адам. Егер әнді тауып шешіп жатсақ міндетті түрде шығаратын боламыз», — дейді Серік Гамза-заде.

Өткен жылы сәтті шыққан дуэттердің тізімінде  Мәди Рымбев пен Бонапарттың әні де бар. Қос өнерпаздың шығармашылық тандемі де 2020 жылы жалғасын таппақ.

«Әрине, дуэт болады. Міндетті түрде. Болашақта көре жатарсыздар.  Әзірге айтпай-ақ қояйық. Тосын сый болсын», — деді Мәди Рымбаев.

Еліміздің эстрада жұлдыздарымен қосыла ән шырқау, шетелдік әртістерге де шығармашылық шабыт сыйлағаны байқалады. Мәселен, Айбек Серікханов есімді қазақстандық өнерпазбен дуэт құрған қырғыз аруы, отандық шоу-бизнес өкілдеріне дән риза.

«Қазақ эстрадасын мен өте сыйлаймын. Өйткені қазақ, қырғыз бір туған. Сондықтан мен өте қуаныштымын.  Бұл жерге келіп  олармен бір сахнада ән орындағаныма өте қуаныштымын», — деді Малика Дина.

«Азия» мен «Бақай»-дың жігіттеріне де  бірігіп ән шырқау ұнаған секілді. «Опмай-опмайдың» сәтті қадамы қос топтың өзара қарым-қатынасын да күшейте түскен.  Хитмендер 2020 жылы тағы бір су жаңа әнмен шоу-бизнеске дүмпу әкелмекші.

«Тағы да бір хит әніміз «Музыкасы балдай кездер-ай»  деген шығады», — дейді Азия тобы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close