Q-popБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесЭксклюзив

Беделханның шәкірттері q-pop өкілдерінің құпиясын ашты

Шаштарын түрлі-түске бояп, құлақтарына сырға таққан q-pop өкілдері образдарын неге жиі өзгертетіндерін айтты деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

ЕQ-ліктер әлемдік аренаға шығу жолында тынбай тер төгіп келеді. Қос музыканттың мақсаты – q-pop жанрын жаһан жұртшылығына жанрамалау. Отандық орындаушылар өткен жылы ресейлік блогермен дуэт құрған еді.
Шетелдік жұлдыздармен шығармашылық байланыс орнату топ жігіттеріне шабыт сыйлаған секілді. Енді екеуі аты жарты әлемге мәшһүр рэперлермен бірлесе жұмыс істеуді жоспарлап жүр.
«Менің өз ойым Еminem-мен дуэт жазсам ба деп ойлаймын. Бірақ біз көп нәрсе жоспарлаймыз. Кейде ол нәрселер іске аспай жатады. Егер Еminem болса біз қуана жазатын едік», – деді жігіттер.
ЕQ тыңдарманды еліту үшін тек жаңа ән мен бейнебаянның аздық ететінін алға тартады. Жанкүйерлерін жалықтырып алмау мақсатында жігіттер түрлі образдарға енуді де әдетке айналдырған. Алайда, бойзбендтің сахнада мың құбылуы көпшілікке жаға бермейтін көрінеді. Серілер сырт келбеті үшін сынға да жиі ілігеді.
«Маған да өзгерістер ұнайды, оғанда өзгерістер ұнайды. Өзгеріп тұрған бұл жаңа шабыт адамға. Жаңа тыныс береді. Өзіңді айнадан көргенде бір образбен жүре берсең, бір күнмен өмір сүріп жатқан сияқты боласың. Бізге осылай жиі өзгеріп тұрған ұнайды», – дейді EQ тобының солистері.
Қос өнерпаздың тыңдармандары үшін әзірлеген образдары мұнымен шектелмейді. Бұл бойзбенд көрерменді әлі де таңғалдыруға құлықты.
«Жалпы негізі кішкентай кезімде менде басқа шаш үлгісі болған еді. Шашым мүлдем жоқ болатын. Қазір жасым 23-те. Бірақ, мен сол қапыммен жүрген жоқпын. Заман ауысады. Менің образымда өзгереді», – деді Tiko.
Отандық шоу-бизнесетегі EQ тобының екеуі де бойдақ. Жігіттер алдағы уақытқа өнер мен отбасылық өмірді қатар алып жүруге қамданған. Тіпті, болашақ жарларына қояр басты талапты да атады.
«Қыз қарапайым, жүрегі таза болса болды. Ол әдемілік деген барлығы уақытша. Керек болса жасап алуға болады. Бірақ іштегі сұлулықты ешқашан жасай алмайсың.Талап сол», – деді Esko.
Жеке өмірін басты назарға алған өнерпаздар шығармашылықты да естен шығармақ емес. Себебі, 2019-да тынбай еңбек еткен EQ-ліктер, биыл да орасан жоспар құрып, тыңдармандарына тосын сый әзірлеу үстінде.
«Алдағы уақытта шығатын альбомның тректері өте ерекше. Айта кететін болсақ, ішінде неше түрлі жанрлар бар. Бейнебаяндар, альбомдар бәрін алға ұстап отырмыз», – дейді жігіттер.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close