Басты жаңалықтарЖаңалықтарПродюсерШоу бизнесӘнші

Айым Арманқызы! Аша Матай перзентханадан шықты

Осыдан бірнеше күн бұрын екінші сәбиін дүниеге әкелген Аша Матай, перзентханадан салтанатты түрде шықты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Аша Матай перзентханадан шықты. Қаңтардың 13-ші жұлдызында дүниеге келген сәбидің салмағы  3 жарым келі, бойы 54 см. Бүгінде бөбек пен ананың жағдайы көңіл қуантарлықтай.

Арман мен Ашаның тұңғышы – Асылым, кішкентай кестетігері – Айым! Жас ана таяуда тележүргізушілік жұмысын тоқтатып, енді шоу-бизнестегі әншілік мансабында да үзіліс алмақ. Дәл қазіргі таңда жұлдызды жұптың басты мақсатысәбидің буыны қатайғанша бар уақытын бала күтіміне арнамақ.

«Аша енді ғана босанды. Одан кейін қырқынан шығарады деген сияқты. Жарты жылдай сахнаға шықпайды. Біраз уақыт дуэт те, ешқандай жаңалық та болмайды. Сол кезде өзімнің жеке шығармашылығым, топты және жаңа жобам – Аниконы қолға аламын. Солармен жұмыс істеймін», — деді Арман.

Ашаны декреттік демалысқа жіберген Арман, соңғы кездері жеке шығармашылығында белсенді. Жұбайы сахнаға қайта оралғанша өзінің авторлық туындыларын жарыққа шығара бермек.

Қоңырбаев бүгінде әмбебап әртіске айналған. Жеке әншілігімен топтағы жұмысы бір бөлек, соңғы кездері продюсерлік қырын да танытып жүр.  Арман өткен жылы жаңа жобасы Аниконы қолға алған еді. Алайда, тәуекелге барудан жүрексінді ме, қос тараптың келісім шарты бір-ақ жылға дейін жарамды.

«Бірінші қойған талабым, келісімшарт бір жылға ғана жарайды. Өйткені, бір жылдың ішінде біраз жұмыс жасауға болады. Музыкалық бағыт, барлығын өз қолыма аламын, және жұмысым нәтижелі болуы үшін барымды саламын», — деді Қоңырбаев.

Арман енді табысты продюсерлер тізіміне кіру үшін су жаңа жобасына бар күшін салмақ. Дәл қазір әнші жас өнерпазды тез танытудың түрлі жолдарын қарастырып жүр.

«Аникоға қандай жоба сәйкес келеді, соның бәрін жасаймыз.Образына, дауысына кім сай, сол жанмен дуэт жазамыз. Ал, мен онымен бірге дуэт жазбаймын. Бірақ қолымнан келгенінше Аниконы танытуға тырысамын», — деді Арман Қоңырбаев.

«Арман Қоңырбаев менің көтерілуім үшін өзінің үлесін қосамын деді. Алда жаңалықтар көп. Үлкен шаруалар болады. Сонда менің өнерімді көре жатарсыздар», — деді Анико.

Иә, Қоңырбаев пен Аниконың 2020 жылға құрған жоспарлары жетерлік. Арман мен шәкірті осы уақыт аралығында санаулы әндер мен бір ғана бейнебаянның тұсауын кесіп үлгерді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close