InstaNewsДәстүрлі өнерЖаңалықтарМузыкаПродюсерШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Мейрамбек Бесбаев өзіне қысым көрсеткен Зағипа Балиеваға ренішін жеткізді

Таяуда ғана отандық өнерпаздардың ұсынысымен «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару жөніндегі қоғамның» төрағасы қызметіне тағайындалған Мейрамбек Бесбаев жаңа жұмысына қатысты жайсыз жаңалықты жеткізді, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

«Құрметті Зағипа Яхияқызы! Мен 2020 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы боп сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғарғы басқару органы — құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерінің барлығы қатысты. Сайлау өткізуге қажетті кворум болды. Барлық регламент пен заңдылық толықтай сақталды. Хаттама толтырылып, мені бас директор қызметіне кірісуім туралы бұйрық та шығып қойды. Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында Сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз. Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз! Неге сіз әншілердің шаруасына араласып, алашапқын боп жатырсыз?! Біз соны түсінбей отырмыз. Бұл әрекет-қылығыңыз сіздей үлкен мемлекет қайраткеріне жараспайтын шаруа. Әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздің балаңыз иелік ету керек деген ой сізге қайдан келген?! Біз өз шаруамызды өзіміз шешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет. Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда сіздің балаңызға емес, мың қалтаға яғни маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өндеушілердің қалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекеттеріңізді тоқтатуды талап етеміз!» — деді Бесбаев инстаграм парақшасында.
Бұл жаңалықты естіген желі қолданушыларының басым бөлігі Бесбаевқа қолдау көрсетіп жатыр.
«Балық басынан шіріп жатыр ғой.», «Иә, Мейрамбек бауырымыздікі дұрыс. Әншінің қамын әнші ғана ойлайды. Өнерге қатысы жоқ адамдар, жаны аши қоймасы анық», «Ұят екен. Алла өзі қолдасын, Мейрамбек аға», «Үлкен масқара тірліктің беті ашылып жатыр. Соттау керек оларды. Мәке, берілмеңіз!» — деді Мейрамбектің оқырмандары.
Қос тараптың арасындағы айқастың немен тынары әзірге белгісіз. Мейрамбектің желідегі жазбасын отандық шоу-бизнестің өкілдері де қолдап жатыр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close