Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Жүнісова өзін танымаған жастарға өкпелі

Отандық шоу-бизнестегі аға буын арасында қызу пікірталас! Мақпал Жүнісова Q-pop пен хип-хопқа құмар қыз-жігіттерге өкпелі екенін айтса, Роза Қуанышқызы керісінше жастардың бұл бағытын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Жүнісова жылдар бойы елге еңбек етіп, халық әртісі атағын еншілесе де өзін танымайтын жастарға өкпелі. Таяуда ғана дәл осындай оқиға Мақпал ханымның көңіл-күйін түсірген.
«Бір жиында отырсам, сондағы үлкен кісі 11 жастағы баладан апаңды таныдың ба, деп сұрап жатыр. Жоқ білмейді екенмін деді. 11 жастағы бала мені танымай отыр. Ал, енді не сұрайсың? Мені танымай отырғаннан кейін, ол енді басқа кімді таниды? Сосын менің жеке парақшамды көріп: «сіз сонда атақтысыз ба?» – дейді маған», – деді Мақпал Жүнісова.
Көпшілікке назын айтып, ренішін білдірген танымал тұлға осы жағдайдан соң жастар арасында арнайы сауалнама жүргізіп көріпті. Мақпал ханымның мақсаты – өнегелі өнер иелерін насихаттау.
«Роза Бағланова, Нұрғиса Тілендиевтерді де ешкім танымайды. Ал, Шәмші Қалдаяқовты әнұран арқылы біледі. Ал, басқа композиторларды білмейді. Мен жастардан сұрадым, қазақ балаларынан. Білмейміз, танымаймыз, естіген емеспіз, деді. Көрдің бе? Ешкімді тыңдамайды. Қазіргі жастар хип-хоп, жаңағы андай-мындай тек шетелдің әншілерін тыңдайтын болса,қазақтың атаын ұмытты деген сөз. Болды!» – деді Жүнісова.
Иә, бүгінде отандық шоу-бизнесте хип хоп, q поп жанрлары белең алған. Сырға тағып, шаштарын бояған қыз-жігіттерге Арман Дүйсенов та наразы.
«Өкінішке орай К- POP деген сияқты жанрларға мен аса көп көңіл бөлмеймін. Себебі, ол біздің тұтынатын жанрымыз емес. Кейде соған бағынғымыз-ақ келеді. Бірақ, ол енді біздің бағытымыз емес. Сондықтан ол бізге бей қызық», – дейді Арман Дүйсенов.
Біздің елде қанатын кеңге жайған аталған жанр – корейлік поп музыканың қазақша баламасы. Дәл осы бағытта өнер көрсететіндер тізімінде Роза Рымбаеваның кенже ұлы да бар. Мәди осыдан бірнеше жыл бұрын ғана өзін Q POP-тың ресми өкілі екенін хабарлаған еді.
«Менің ойымша барлық адамның көңілінен ө өлсеңде шыға алмайсың. Бәрібір сені ұнататындар да, ұнатпайтындар да болады. Және мен біреуге ұнамасам ешнәрсе демеймін. Менің көңілім түспейді. Мен оны түсінемін. Өйткені, әрбір адамның талғамы бөлек», -деді Мәди Рымбаев.
Ал, бір қызығы Мақпал Жүнісова мен Арман Дүйсенов сынды елге еңбегі сіңген әртістер Q POP-лерге қарсылық танытса, Роза Қуанышқызы керісінше жастардың бұл бағытын қолдайтын болып шықты.
«Ол іздену ғой. Өзінің стилін образын іздеу. Жас өнерпаздарға міндетті түрде керек. Себебі олар сәнмен, бүгінгі стильмен жүргісі келеді», – деді Роза Рымбаева.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close